Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына жеке шағым
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Алматы қалалық сотына
Күдікті Л.К. С. қорғаушысы – С.Д. Нигметовтен
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық
тергеу сотының тергеу судьясы
Э.К.Карибаевтың 14.09.2023 ж. қаулысына
жеке шағым
14.09.2023 ж. Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы Э.К.Карибаевтың қаулысымен күдікті Л.К. С. үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға дейін ұзартылған болатын.
Қаулыда үйқамақтың мерзімін ұзарту қажеттілігін қылмыстық іс бойынша қосымша тергеу амалдарын жүргізу қажеттілігін ескеріп, оларды 18.09.2023 жылға дейін аяқтауға мүмкіншілік жоқ, қылмыстық іс бойынша өтінішхатта көрсетілген тергеу амалдарын жүргізу қажеттігіне және қылмыстық істің көлемі ауқымды екеніне байланысты, іс бойынша тағайындалған аудиторлық тексерістің қорытындысын алу, тексеріс қорытындысымен тараптарды таныстыру, бірнеше жәбірленушілер бойынша жауап алу және өтінішхатта көрсетілген басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу қажет деп уәждеген.
Осы уәждемен мен келіспеймін.
ҚР ҚПК 136-б. 1-б. сәйкес «Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы».
ҚР ҚПК 136-б. 1-1- б. сәйкес «Күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасы болса, мұндай шараны қолдану мүмкіндігін қарау қажет».
Л.К. С. 6 кәмелетке толмаған балалардың анасы, қазіргі таңда аяғы ауыр болып жатыр, жұбайы тергеу изоляторда қамауда ұсталып жатыр.
Осыған байланысты Л.К. С. туған-туыстармен қарым-қатынасқа және қолдауларына, көмегіне мұқтаж. Алайда, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасымен аталған әрекеттерге шектеу қойылған.
Осыған байланысты, Л.К.С. үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын 3 үйға ұзарту туралы қаулыны өзгертіп, Л.К. С. қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұраймын.
15.09.2023 ж. С. Нигметов
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына жеке шағым
20 рет жүктеп алынды