⁠`

Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Апеляциялық шағым күдіктіні қамаудан босату туралы

Апеляциялық шағым күдіктіні қамаудан босату туралы

Апеляциялық шағым күдіктіні қамаудан босату туралы  

Внимание!        Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.       Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Алматы қалалық Сотына Алматы қаласы, Қазыбек Би көшесі 66 үй 8 (727) 330-88-02 727-0901@sud.kz Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович Заң және құқық заң кеңсесі БСН 201240021767 Алматы қаласы, Абылай Хан даңғылы, 79 үй, офис 304. info@zakonpravo.kz / www.zakonpravo.kz + 7 727 978 50 85; +7 700 978 50 85, +7 708 578 5758. Күдікті: К.Б.Д. 04.08.2003 ж.т.

Шағым

11.01.2022 жылғы Алматы қаласы мамандардырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына

(ҚР ҚПК 107 бабы негізінде)

          Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының өндірісінде 227500031000101 санды СДТТБТ-не тіркелген қылмыстық іс бар. Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 128 бабына сәйкес  К№Б.Д.. 04.08.2003 ж.т. ұсталған. 11.01.2022 жылы Алматы қаласы мамандардырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен соңғыға қатысты 2 айға қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған қаулымен келіспейміз, себебі Б.Курбаналидің іс әрекеті қылмыстық қудалау органымен дұрыс сараланбаған, соңғының қылмысқа қатыстылығы дәлелденбеген, күдікті бұрын соңды қылмыстық жауапкершіллікке тартылмаған, жеке басын анықтайтын құжаттары бар, Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаса немесе жасырынған жоқ, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деген күдік келтірілген емес, оның қылмыстық әрекетті жалғастырып жүргендігі туралы деректер жоқ.

Апеляциялық шағым күдіктіні қамаудан босату туралы

Аталғандардың негізінде күдікті Б.Д.К. тергеу изоляторынан ұстауға негіз жоқ деп санаймын. Соңғыны тергеу изоляторынан босатып, қамауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдану керек деп ойлаймын. Б.Д.К. отбасында 7 бала тәрбиленуде, Б.Д.К. балалардың үлкені, анасы Н.А.А. 05.12.1987 ж.т. күміс алқа иесі, апасы да Б.Т.Ж. 22.03.1955 ж.т. күміс алқа иесі. Сол себепті аталған отбасы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жатады. Қазіргі таңда күдікті Б.Д.К. апасы кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қоюға келісімін берді. Сонымен қатар, 14.01.2022 жылы Президент Қ.К.Тоқаев ауырлататын мән жайлар анықталмаса ұстап алынғандардың жазасын жеңілдетуді тапсырды. Полиция қызметкерлері күдікті Б.Д.К. ұстау барысында, оның жақын туыстарына хабарламаған. Соңғының апасы Б.Д.К. іздеп тергеу изоляторынан өзі тауып алған, аталған дерек ҚР ҚК-нің 414 бабы 4 бөлігіне қарсы келеді, яғни күдіктіні ұстап алу фактісі және оның тұрған жері туралы оның туыстарына қасақана хабарламау, адамның күзетпен ұсталу орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден заңсыз бас тарту. ҚР ҚПК-нің 147 бабы 1-1 бөлігіне сәйкес, осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген мән-жай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін бірден-бір негіз болып табылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 147 бабына сәйкес,

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

  • 01.2022 жылғы Алматы қаласы мамандардырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысын күшін жоюды;
  • Б.Д.К. тергеу изоляторынан босатып, оған қатысты қамауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды.

Құрметтпен,  Қорғаушы              Ғ.Т.Саржанов

#Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Правовая консультация  #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан