⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау жөніндегі азаматтық істер

Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау жөніндегі азаматтық істер

Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау жөніндегі азаматтық істер

Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау жөніндегі азаматтық істер

Нормативтік база Азаматтық жағдай актілерінің жазбаларының бұрыстығын анықтау сұрақтары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 30,37 және 45-тарауларымен, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексімен, 2015 жылғы 22.02. күнгі №112 Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, азаматтық жағдай актілерінің жазбаларына өзгерту енгізу, қалпына келтіру, жою, азаматтық жағдай актілерін мемлекеттік тіркеуін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты азаматтық жағдай актілерінің жазбаларының бұрыстығын анықтау сұрақтары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 44 (361-363 б.) және 57 (467 б.) тарауларымен реттелетінін ескеру қажет.

Азаматтық жағдай актілерінің жазбаларының бұрыстығын анықтау сұрақтары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 30,37 және 45-тарауларымен, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексімен, 2015 жылғы 22.02. күнгі №112 Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, азаматтық жағдай актілерінің жазбаларына өзгерту енгізу, қалпына келтіру, жою, азаматтық жағдай актілерін мемлекеттік тіркеуін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты азаматтық жағдай актілерінің жазбаларының бұрыстығын анықтау сұрақтары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 44 (361-363 б.) және 57 (467 б.) тарауларымен реттелетінін ескеру қажет.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 44-тарауында осы істер санаты бойынша сот талқылауына дайындық жүргізудің ұзақтығы арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнді құрайтын мерзімін белгілеу түрінде новелла енгізілген және бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді, қалған бөлігінде өзгерістер енгізілмеген және процестік заң нормалары алдыңғы редакцияда қалдырылған.

Сот талқылауына дейін істің дайындалу сапасы. Процестік заң нормаларының сақталуы. ҚР АПК-ның 318, 319-баптарына сәйкес, азаматтық жағдай актілерін жазу органдары даудың болмаған жағдайында жасалған жазбаға өзгертулерді енгізуден бас тартқан жағдайда, сот азаматтық жағдай актілерін жазу кітаптарындағы жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі істерді қарайды.

Азаматтық жағдай актілерін жазу кітаптарында жазбаның бұрыстығын анықтау жөніндегі өтініш сотқа жазбаша түрде немесе азаматтық жағдай актілерін жазу органының мекенжайы немесе өтініш берушінің мекенжайы бойынша электронды құжат формасында беріледі.

Өтініште азаматтық жағдай актілерін жазу кітаптарында қателіктің қайдан көрінгендігі, жасалған жазуды өзгертуге немесе түзетуден қашан және қандай азаматтық жағдай актілерін жазу органымен бас тартылғандығын нұсқау керек. Ұқсас ереже 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы АПК-ның 361, 362-баптарында мазмұндалған.

Процестік заңның жоғарыда келтірілген нормаларына сәйкес, құқық туралы дау туған кезде немесе АХАЖ органдары өзгерту немесе түзету енгізуден бас тартқан жағдайда, бұл санаттағы істерді сот қарайды. Осылайша, АХАЖ органы жасалған жазбаға түзетулерді енгізуден бас тарту құқығы туралы даудың болмаған жағдайында ғана, сотқа жүгіну орынды болып саналады.

Азаматтық жағдай актілерінің жазу кітаптарында қателікті анықтау жөніндегі түзетуді қажет ететін өтінішті өтініш берушінің мекенжайы бойынша, акт қандай АХАЖ органында тіркелгендігіне қарамастан соттарға сотты, немесе азамттық жағдай актілерінің жазу органдарының мекенжайы бойынша соттарға сотты.

Өтініш беруші ретінде АХАЖ органымен берілген кемшілігі бар құжаты бар азаматтар ғана емес, марқұмдардың актілік жазбаларында қателігінің нәтижесінде жүзеге асыра алмай жүрген,олардың дүниеден өтулеріне байланысты анықталған міндеттері мен құқықтары пайда болған тұлғалардың мұрагерлері де болуы мүмкін.

Сотқа берілген өтініште, жасалған жазуды түзетуге қашан және қандай АХАЖ органымен бас тартылғандығы және азаматтық жағдайдың акілерін жазуда қандай қателіктері бары көрсетілуі керек.

Айтылғанның есебімен, өтініш берушілер олардың АХАЖ органдарына дұрыс жазылмаған жазбаларға түзетулерді егнізу сұрағы бойынша және сол органның ондай түзетулерді енгізуден бас тартқандығы жайлы құжаттарды ұсыну керек, сол себептен өтініш берушінің сотқа дейін алдын ала АХАЖ органына жүгінуінсіз, (2015 жылғы 31.10.) ҚР АПК-нің 152-б.) ҚР АПК-нің 154-бабының 1-тармағы 1-тармақшасы (дауды сотқа дейін шешу тәртібінің осы дау санаты үшін анықталған заңды сақтамау немесе осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жоғалған) ережелеріне сәйкес, өтініштен бас тарту үшін негіз болып саналады.

ЕККД кіріктірілген сот актілерін және материалдарын меңгеру, іс жүргузу заңының талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады, өтініштің іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес келмуі кезінде, оларды әрекетсіз қалдыруға негіз болған қателіктерді жою үшін ақылға қонымды мерзімді ұсынумен еш әрекетсіз қалдырылады, немесе, ҚР АПК-нің 154-бабы 1- тармағының 1-тармақшасына сәйкес қайтарылады.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген 2015 жылғы 31 қазандағы ҚР АПК-нде өтінішті қозғалыссыз қалдыру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Алайда, Павлодар облысының Ақтоғай аудандық соты, азамат Н. 1954 жылғы 09.01 күнгі №04 туу туралы куәлігінің актілік жазбасында оның тегінің жазылуында қате жіберілгендігін нұсқап, азаматтық жағдай актісінің кітабына өзгертулерді енгізуді сұраған, заңдылық мән-мағынасы бар фактіні анықтау жөніндегі өтінішті қабылдады және қарады.

Қарау нәтижесі бойынша, сот процестік заңының заңдылық мән-мағынасы бар фактілерді анықтау сұрақтарын реттейтін, нақтырақ айтсақ, 290-292 б.б. және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28.06. күнгі №13 «Заңдылық мән- мағынасы бар, фактілерді анықтау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының ережелерін ескере отырып, 2015 жылғы 25 тамыз күні өтінген талаптарды шешіммен қанағаттандырды.

 Соған қарамастан, сот бұндай санаттағы істерді қарау кезінде ҚР АПК 37-тарауының ережелерін қолдану керектігін ескермеді. 2015 жылғы 20 наурыз күнгі Ақтау қалалық № 2 сотының сот төрешінің ұйғарымымен, азамат М, азаматтық жағдайдың актісін жазуда қателіктің жіберілгенін анықтау туралы өтініші қайтарылды.

Өтініштің қайтарылуна негіз болып, өтініш беруші РФ өмір сүреді, ал оның жүгінген қателікті анықтау жөніндегі актілік жазба Украина КОР Одесск облысының Березовск ауданының АХАЖ органымен жасалғандығы болды.

Судьялардың бұл шешімі, іс жүргізу заңының нормаларының негізінде жасалған деп санаймыз, себебі, (2015 жылғы 31 қазандағы) ҚР АПК-нің 467-б.) ҚР АПК 417-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының соттары ерекше өндірісті істерді тек қана, Қазақстан Республикасының азаматтық жағдай актілеріндегі жазу органдарымен жасалған, азаматтық жағдай актілеріндегі жазуындағы қателіктерді анықтау бойынша берілген өтініштерді қарай алады.

 2015 жылғы 09 ақпан күнгі №2-1939/15 ісі бойынша өндірісті Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының ұйғарымымен, азаматша К –ның азаматтық жағдайдың актісін жазуда қателіктің жіберілгенін анықтау туралы өтініші қысқартылған.

Іс бойынша процестік шешімін қабылдап, сот бірінші сатыда, өтініш беруші РФ тұратындығына, ал ол талап етіп отырған қателікті анықтау жөніндегі актілік жазу РФ Орынбор облысының Ясненск ауданының қалалық білім беру АХАЖ бөлімімен жасалғанынан кірісті, түзетулерді енгізуден бас тарту бойынша әрекетті, өтініш беруші қайта қарауға беруі мүмкін.

2015 жылғы 26 наурыздағы Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен, судья нұсқаған ұйғарымынан бас тартылды және өтініш айтарлықтай қарау үшін қайтадан бірінші сатыдағы сотқа жолданды, солай бола тұра, апелляциялық сатысының соты, бұндай өтініштер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға және шешімін табуға жататындығын ескертті.

ҚР АПК-нің 417 бабының (2015 жылғы 31 қаңтардағы ҚР АПК-нің 467- б.) ережелеріне сәйкес, істі айтарлықтай қарау үшін ұйғарым шығарудан және жолдаудан бас тарту үшін негіз болмағаны ұсынылған.

Аталған санат істері бойынша мүдделі тұлғалар ретінде сөзсіз азаматтық жағдай актілерін тіркеуді іске асыратын органдар, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар тартылуы тиіс.

Алайда азаматтық жағдай актілеріндегі жазуындағы қателіктерді орнату туралы А.-ң өтініші бойынша № 2-21433 іс бойынша мүдделі тұлға ретінде жеке нотариус А. ғана көрсетілген, судья сот талқылауына істі дайындау барысында және келесіде азаматтық жағдай актілерін тіркеуді іске асыратын органның істе қатысуға тартылуы бойынша шаралар қабылдамаған, тек іске қатысу үшін нотариусты тартумен шектелген.

Сатпаев қалалық сотының 2017 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен өтініш қанағаттандырылды.

Осылайша, бұл санаттағы істерді қарай отырып, жеке соттар өзінің қабылданған шешімінде өтініш берушілердің заңдық қызығушылығына, заңдық мән-мағынасы бар фактілерді анықтау сұрақтарын регламенттейтін процестік заңының ережелеріне, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық мән-мағынасы бар, 10 фактілерді анықтау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» №13 Нормативтік қаулының ережелерін басшылыққа алады.

Бұл ретте, процестік заңының ережелеріне сәйкес, қорыту санатының істері ерекше өндірістегі тәртіпте қаралатын істерге жататына қарамастан, заңдылық мән-мағынасы бар фактілерді анықтау жөніндегі істерге жатады, өйткені олар тууды, асырап алу, некеге тұру, некені бұзу және өлімді тіркеу фактілерін орнату бойынша істермен бірдей емес.

Негізгі айырмашылығы, азаматтық жағдай актілерінің жазбаларында қателерді анықтау жөніндегі істерде сәйкес фактіні дәлелдейтін құжаттың өзі бар, бірақ бұл құжатта қателер немесе дәлсіздіктер бар, ал тууды, асырап алу, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болуды тіркеу фактілерін анықтау бойынша істерде құжаттың өзі жоқ.

ҚР АПК-нің 320-бабының (2015 жылғы 31 қаңтардағы ҚР АПК-нің 363- б.) ережелерімен сәйкес, азаматтық жағдай актілерін жазу кітабындағы қателік анықталған сот шешімі - азаматтық жағдай актілерін жазу органдарымен бұндай жазбаны түзету немесе өзгерту үшін негіз болып саналады, сонымен қатар, ҚР АПК-нің 37-тарауының ережелерінен шығатын болсақ, шешімнің резолютивтік бөлігінде қандай жазба қате екендігін, ол қашан, қандай номермен және қандай АХАЖ органымен өндірілді, қандай тұлғаларға қатысты жасалды, қандай тузетулер мен өзгертулерді енгізуді керек екендігін сөзсіз нұсқау қажет.

Бұл қорытынды дәл солай Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» №5 Нормативтік қаулысының 17-тармағының ережелерінің негізінде жасалды, сәйкесінше, шешімнің резолютивтік бөлігінде фактілік жағдайлар бөлігінен дәлелді анықтаулардан шығатын сот шешімі болуы керек.

 Шешімді орындау кезінде түсінбеушіліктерді және дауларды болдырмау үшін, сот шешімнің резолютивтік бөлігін нақты және түсінікті айтуға тиісті.

Шешім талап қоюшы жарияланған барлық талаптар бойынша қаулы етіледі.

 Бұл ретте сот актілерін меңгеру, жеке соттар шешімнің резолютивтік бөлігінде қандай жазба қате екендігін, ол қашан, қандай нөмірмен және қандай АХАЖ органымен өндірілді, қандай тұлғаларға қатысты жасалды, қандай тузетулер мен өзгертулерді енгізбеуді жалғастырып отырғандығын куәландырады.

Осылайша, мысалы, азамат А.-ның азаматтық жағдай актісінің жазбаларын түзетуді анықтау жөніндегі өтінішінің №2-756/15 ісі бойынша 2015 жылғы 15 шілдедегі Алматы облысының Қапшағай қалалық сот шешімінің резолютивтік бөлігінде, актілік жазбалардың нөмірін және мерзімін, сонымен қатар осы жазбалар жасаған органды атамай, өтініш берушінің туу туралы азаматтық жағдай актілерінде жазбаларды түзетуге ғана көрсетілген.

Қорытылатын істер санаты бойынша өтініштерді қанағаттандыру жөніндегі сот шешімдерін талдау, нақтырақ айтсақ, жеке шешімдерде, соттар жазбаның қате анықталғанымен шектелетіндігін, басқа жағдайларда қате жазбаларды түзетуге немесе өзгертуге нұсқайтындығын куәландырады.

Осылайша, азаматша К.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-1910/15 ісі бойынша 2015 жылғы 28 тамыздағы Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен өтінген талаптар қанағаттандырылды, шешімнің резолютивтік бөлігінде «Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп нұсқалған.

Азамат Б.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-2018/15 ісі бойынша 2015 жылғы 10 наурыздағы Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты шешімнің резолютивтік бөлігінде осыған ұқсас көрсетілген.

Азаматша П.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-3132/15 ісі бойынша 2015 жылғы 6 мамырдағы Қостанай қалалық сотының шешімімен өтінген талаптар қанағаттандырылды, дәл солай, шешімнің резолютивтік бөлігінде «Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп нұсқалған.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнаманың мағынасы бойынша, сот азаматтық жағдай актілерінің жазбаларында қателіктерді анықтау жөніндегі істерді қарайды, соттың шығарылған шешімнің негізінде АХАЖ органдары кейін түзетулерді енгізеді, сол себепті шешімнің резолютивтік бөлігіне жоғарыда көрсетілген формаларын қолданып, сот өзінің өкілеттілігін асыра пайдаланады, себебі, актілік жазбаларға түзетулерді енгізу АХАЖ органдарының құзіреттілігіне жатады.

2016 жыл ішіндегі сот практикасының талдауы соттар осыған ұқсас шешімдерді қабылауды жалғастырып келеді, және көп жағдайда азаматтық жағдай актілерінің жазбаларында қателіктерді анықтамайды, түзетулер ғана енгізеді.

Осылайша, аз. Т.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №3541-16-00-2/185 ісі бойынша 2016 жылғы 16 тамыздағы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының шешімімен «Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп қаулы етілді.

Осыған ұқсас аз. И.-дың азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №1940-16-00-2/281 ісі бойынша 2016 жылғы 23 ақпандағы Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық сотының шешімімен «Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп қаулы етілді. Аз. Н.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №5912-16-00-2/7620 ісі бойынша 2016 жылғы 12 қазандағы Петропавл қалалық №2 сотының шешімімен «Бұрыстығын анықтау..... Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп қаулы етілді.

Аз. И.-дың азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-17718-16 ісі бойынша 2016 жылғы 18 қазандағы Семей қалалық сотының шешімімен «Актілік жазбаға өзгертулерді енгізу...» деп қаулы етілді. Сот тәртібінде процестік заң ережелеріне сәйкес азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығы анықталады, бұл туу, некені тіркеу, қайтыс болу туралы және тағы басқа куәліктерде жіберілген бұрыстықтарды анықтай келе, аталған санат істерін қарау кезінде ескерілмейді.

Осылайша, аз. Б.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2736-16-00-2/823 ісі бойынша 2016 жылғы 10 тамыздағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық сотының шешімімен неке қию туралы куәлігіне түзетулер енгізілген.

Аз. Ж.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-6785/ 2016 ісі бойынша Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешімімен қайтыс болу туралы куәлігіне түзетулер енгізілген.

Жоғарыда нұсқалғандай, ҚР АПК 417-бабы сәйкестікте, Қазақстан Республикасының азаматтық жағдай актілерін жазу органдарымен жасалған, азаматтық жағдай актілерін жазудағы қателіктерді анықтау жөніндегі ерекше өндірісті істерді ғана, Қазақстан Республикасының соттары қарайды.

Азамат К. азаматтық жағдай актілерін жазудың бұрыстығын анықтау туралы өтінішінің № 2-330/15 ісі бойынша 2015 жылғы 18 наурыздағы Алматы облысының Қашаған қалалық сотының шешімімен қанағаттандырылды, нақтырақ айтсақ, РФ Екатеринбург қаласының Киров аудандық әкімшілігінің АХАЖ бөлімімен жасалған, туу туралы жасалған актілік жазбада, жазу өзгертілсін ... деп қаулы жасалды, мәлімдегеннің есебімен, шешімнің негізділігінде күмән тудырады. 2016 жыл ішіндегі аталған санаттағы істерді қарау сот практикасының талдауы соттар осыған ұқсас шешімдерді қабылауды жалғастырып келетіндігін ескеру қажет.

Осылайша, аз.Г.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-1851 ісі бойынша 2016 жылғы 5 мамырдағы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының шешімімен 2002 жылғы 5 желтоқсанда РФ Астрахан қаласының Совет ауданы бойынша Астрахан облысының азаматтық жағдай актілерін жазу қызметі бөлімі жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз.К.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің № 3512-16-00-2/19327 ісі бойынша Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының шешімімен РКФСР Башқұрт АКСР Белорецк ауданының Тукан селолық кеңесі жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз.А.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің № 3512-16-00-2/3032 ісі бойынша 2016 жылғы 17 мамырдағы Қарағанды қаласының Қазбек би ауданының №2 аудандық сотының шешімімен РФ Краснодар өлкесінің Гулькевич ауданының ОтрадноКубанский селолық округі 2014 жылғы 19 наурызда жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз. К.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2736-16-00-2/695 ісі бойынша 2016 жылғы 29 маусымдағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық сотының шешімімен РКФСР Түмен облысының Сладковский ауданының Масянский селолық кеңесі 1968 жылы 26 маусымда жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз. К.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2736-16-00-2/695 ісі бойынша 2016 жылғы 29 маусымдағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық сотының шешімімен РКФСР Түмен облысының Сладковский ауданының Масянский селолық кеңесі 1968 жылы 26 маусымда жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз. Б.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-2897/2016 ісі бойынша 2016 жылғы 29 қазандағы Алматы облысының Іле аудандық сотының шешімімен ӨзСРК Ташкент облысының Алимекент селолық кеңесі 1962 жылы 28 ақпанда жасаған неке қию туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Аз. Ш.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №2-3110-16-00-2/т 16159 ісі бойынша 2017 жылғы 9 қаңтардағы Тараз қалалық сотының шешімімен РКФСР Челябі облысының Троицк ауданының Барханкуль селолық кеңесі АХАЖ бөлімі 1947 жылы 23 маусымда жасаған туу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды. Сонымен қатар, селолық кеңестерде АХАЖ бөлімдері болмағандығын ескеру қажет.

Аз. К.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №201758-16 ісі бойынша Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының шешімімен РКФСР Түмен облысының Дубровинск ауданының АХАЖ бюросы жасаған туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген және бұрыстығы анықталды.

Аз. Е.-ның азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің №1145-16-00-2/17 ісі бойынша Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық сотының шешімімен РКФСР Алтай өлкесінің Кош-Агачск ауданының Тобелерск селолық кеңесі жасаған некені тіркеу туралы акт жазбасының бұрыстығы анықталды.

Сондай-ақ процестік заңмен азаматтық жағдай актілеріндегі жазбалардың, яғни АХАЖ органдары жасаған жазбалардың бұрыстығын анықтау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте аз. Г.-ның туу туралы жазбаның бұрыстығын анықтау жөніндегі өтінішінің ісі бойынша Қостанай облысының Қостанай аудандық сотының шешімімен ҚХР Харбинск Епархиальдық кеңесінің КазанскоБогородицк шіркеуі жасаған азаматша С.-тің туу туралы жазбасына өзгертулер енгізілді.

Бұл санаттағы істер бойынша сот келесі жағдайларда азаматтық жағдай актілерінде жазудың бұрыстығын анықтау жөніндегі істер бойынша өндірісті қозғайтынын соттар ескеру керек:

  1. жетіспеушіліктері бар актілік жазба болу керек;
  2. өтініш беруші мен мүдделі тұлғалардың арасында құқық туралы дау болмау керек;
  3. өтініш беруші, азаматтық жағдай актілерін жазу органдарының жасаған актілік жазбаға түзетулерді енгізуден бас тарту жөніндегі қорытындының көшірмесін ұсынуы керек.
  4. өтініш берушумен актілік жазбадағы қателіктің өзектілігі, жіберілуі және сенімділігі критерияларына сәйкес, дәлелдемелерді ұсынған жағдайда қанағаттандырылуы мүмкін, дау-дамай тудырған актілік жазбаның өндірілгенінен кейін алынған әртүрлі ұсынылған құжаттар сондай бола алмайды.
  5. сот шешімінің резолютивтік бөлігінде тек қана актілік жазбаның бұрыстығын анықтау жөніндегі, бұл бұрыстық неден көрінгендігі, оның нөмірі және бұл жазба жасалған органның аты нұсқалу керек.
  6. Қазақстан Республикасының азаматтық жағдай актілерін жазу органдарымен жасалған, азаматтық жағдай актілері жазбаларының бұрыстығын анықтауға болатынын ескеру.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу