Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Банкроттық туралы азаматтық істер

Банкроттық туралы азаматтық істер

Банкроттық туралы азаматтық істер

Банкроттық туралы азаматтық істер

             Банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 4 бабына сәйкес Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде немесе кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.

Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болмаған кездегі төлем қабiлетсiздiгi өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.

Заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес борышкер өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті, егер:

- оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда;

- бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе;

- борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде;

Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.

 Борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi туындайтын шарттары Заңның 5 бабының 1 тармағында көрсетілген.

Борышкерді банкрот деп тану істерінің соттылығы.

Заңның 3 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 313 бабынасәйкес сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

Сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 82-бабында көзделген жағдайда – оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.

Салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты мемлекеттік кіріс органы және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредитор — жеке және заңды тұлғалар борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына ие болады.

Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.

Сонымен қатар, борышкер, оңалтуды басқарушы берген банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Осы Заңның 82-бабында көзделген негіздер бойынша өтiнiш берiлген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.

Заңның 44 бабының негізінде банкроттық iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негiзiнде қозғалуы мүмкiн.

Біздің пікірімізше, Заңның 44 бабының (банкроттық туралы іс жеке де заңды да тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде қозғалы мүмкін), Заңның 3 бабның 2 тармағының (соттар банкроттық істерді азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу жалпы қағидалары бойынша, осы заңдағы белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қарайды), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 313 бабының (сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды) мағынасына сәйкес, банкроттық туралы істер, оның ерекшелігіне байланысты, арнаулы ауданаралық экономикалық соттарда қаралу керек.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының нормаларына сәйкес заңды тұлғаны банкрот деп тану өтінішін борышкер де кредитор да бере алады.

 Заңның 41 бабына сай борышкердің өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi, оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтайшылық құжаттарына сәйкес оны ауыстыратын адам қол қояды, және өтiнiш берiлетiн соттың атауын, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн; онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн; орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi; қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты; қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.

Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн.

Борышкер сотқа өтініш берумен бір мезгілде уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

Заңнын 44 бабына сәйкес кредитордың (кредиторлардың) өтінішінде өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы, борышкер дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе борышкер заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;кредитор (кредиторлар) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе кредитор (кредиторлар) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;осы кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы; мiндеттеме бойынша берешектің және осы сомаға есептелген сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) және залалдың сомасы;борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi мәлiметтер; кредитордың құқықтық талаптары, жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезде борышкердің жоқ екендігі туралы ақпарат; қоса берілетiн құжаттар тiзбесi; борышкерге талаптар қойып жүгінуінің дәлелі; егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

Кредитор (кредиторлар) сотқа өтініш берумен бір мезгілде өтiнiштiң және оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн борышкерге, уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.

Кредитордың (кредиторлардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамастан қайтарады.

Борышкерді банкрот деп тану өтініштерін қайтару туралы соттың ұйғаруларын талдау, көбіне олардың Заңнын 41 және 44 бабтарының талаптарына сай келмегендігіненқайтарылғандықтарын көрсетті.

Өтініштерді қайтаруға негіз болған келесі талаптардың бұзылуы: Қазақстан Республикасы Оңалту және банкроттық туралы Заңының 42 бабының 1 тармағының талабына сай борышкердің банкрот деп тану өтінішінеборышкердің төлем қабілетсіздігін және борышкердің кредитор талаптарын орындай алмайтындығын дәлелдейтін мәліметтер қоса тіркеледі.

Жоғарыда аталған баптың 2 тармығының 2 тармақшасына сәйкес борышкердің банкрот деп тану өтінішіне борышкердің соңғы үш жылдық және өтініш беру мезгіліне қаржылық есеп-қисаптары, көрсетілген кезеңге барлық міндеттемелері бойынша салық есеп-қисаптар, берешектің сомасы мен куні көрсетілген барлық кредиторлар мен дебиторлар тізімі (СТН немесе БСН, толық атауы, заңды мекен-жайы) қоса тіркеледі.

Заңнын 1 бабының 6 және 7 тармақшасына сәйкес банкроттық деп борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi болып табылады.

Банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.

Бакроттық туралы іс сотта борышкердің, Заңнын 5 бабында көрсетілген негіздері бар болса кредитордың (кредиторлардың) берген өтініші негізінде жүргізіледі және де сот ісін жүргізуге қабылдануы туралы ұйғарымы шыққан кезден бастап іс қозғалды деп саналады.

Заңнын 43 бабына сәйкес,сотқа 41 және 42 баптардың талаптарына сай келмейтін банкрот деп тану өтінішін беру оны өтініш берушіге қайта қайтарып беру негізі болып табылғандықтан, Осы санатта, арыздың нысаны мен мазмұнына Заңда белгілі бір көңіл бөлінген.

Банкроттық туралы азаматтық істерді қарағанда қолданылатын Заңнама.

Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңнамасы Конституцияға негізделіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ «Оңалту және банкроттық туралы» Заңынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 сәірдегі № 3 нормативтік қаулысынан (28 маусым 2002 жылғы №14 және 22 желтоқсан 2008 жылғы №11 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы) «Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбiр мәселелерi туралы», Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңынан және дежеке шаруашылық субъектiлерге қатысты банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерiн белгiлейтiн өзге Заңдар және нормативтiк құқықтық актiлердентурады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Осы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту рәсімі және оңалту, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.

Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды тарату Қазақстан Республикасының банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.

 Осы Заң жеке кәсіпкерлердің банкрот болуына байланысты істерге, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңда реттелмегенбөлігінде қолданылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу