⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

 

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын сұрақтарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілері болып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, 13.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (әрі қарай - АІЖК), 01.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (әрі қарай-АК), Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы (әрі қарай - ТК), 26.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Салық кодексі (әрі қарай - СК), 23.12.2005 жылғы №9 «Жылу және электр энергиясы үшін қарыздарды өндірумен байланысты соттардың заңнаманы пайдаланудағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (әрі қарай - НҚ), сонымен қатар 07.12.2000 жылғы №1822 Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары табылады.

АІЖК-нің 31-бабына сәйкес, талап-арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Заңды тұлғаға талап-арыз оның органы орналасу орны бойынша беріледі.

Қорытуадың нысаны болып баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы дауларды қарау тәжірибесі болып табылатындығын ескере отырып, дау бойынша тараптар ретінде баспананы ұстау бойынша қызметтерді жеткізушілер, сонымен бірге баспананы пайдаланатын жеке тұлғалар, тұрғын-жайларды өздерінің негізгі қызметі үшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бола алады.

Осыдан келе, соттылық туралы мәселе шешіледі. АІЖК-нің 27-бабына сәйкес, жеке тұлғалар қатысатын даулар аудандық және оларға теңестірілген соттардың қарауына жатады.

Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жауапкерлерге, заңды тұлғаларға қатысты даулар АІЖК-нің 30-бабының 1-бөлігіне сәйкес Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттармен қаралады.

Екі жағдайда да келісім-шартпен өзгеше көзделмесе, жауапкердің тұрғылықты жері бойынша соттылық жайындағы жалпы қағида бойынша қаралады.

Соттылықты бұзып, келіп түскен талап-арыздар арызданушыға қайтарылады, ал сотпен қабылданғандары басқа соттың қарауына беріледі.

Процессуалдық заңнаманың талаптарына сәйкес, оның ішінде АІЖК-нің 140-бабының 11-тармағына сәйкес, егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үйжайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның және Интернет желісінің, кабелдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мәлімделген болса, сот бұйрығы шығарылады.

Мысалы, 09.10.2015 жылғы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясының ұйғарымымен «3-Энергоорталық» АҚ-ның Р.Беркиншееваға және басқа да қарыз сомасын өндіру туралы алты талап-арызы «3-Энергоорталық» АҚ-на көрсетілген талаптар бойынша қарыз сомасын өндіру сот бұйрығы негізінде жүзеге асырылатынын айтып көрсетіле отырып, сотқа бұйрықтық өндіріс бойынша арызбен жүгіну құқығы түсіндіріле отырып, қайтарылған.

АІЖК-нің 139-бабына сәйкес, сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

Әрі қарай, АІЖК-нің 143-бабымен сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту мен кері қайтарудың негіздері қамтылған. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды аталған Кодекстің 153,154- баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды кері қайтару туралы ұйғарым оны қайтаруға негіз болған кемшіліктерді түзеткеннен кейін қайта беруге кедергі болмайды.

АІЖК-нің 148-бабында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығы бұзылған жағдайда, аталған талаптар сотпен осы Кодекстің 13-1-тарауына сәйкес, талаптық өндірістің жалпы ережелері бойынша жеңілдетілген өндіріс тәртібімен қаралады.

Бұл жағдайда соттардың назарын, талданып отырған санаттағы істерді АІЖК-мен орнатылған процессуалдық тәртіптен аттап отыра, талаптық өндіріс тәртібінде қарау азаматтық сот өндірісін жеңілдетудің мақсаттары мен міндеттеріне түбінде сәйкес келмейтініне, соттарға ақталмайтын артық салмақ, қағазбастылық, шығындар келтіретініне аудару қажет.

Сонымен қатар, АІЖК-мен көзделген талап-арызды кері қайтару мен оны қабылдаудан бас тартудың негіздері толық қамтылған және кеңейтілген түсінік беруге жатпайтынын атап өту қажет.

АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-4-тармақшаларына сәйкес, судья талап-арызды қабылдаудан бас тартады, егер:

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;

3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.

09.09.2015 жылғы Астана қаласы мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты судьясының ұйғарымымен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің «Агроцентр-Астана» ЖШС-не 1 169 143 теңге көлемінде тұтынылған электр энергиясы үшін қарыз ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы талапарызына 27.07.2015 жылы Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Агроцентр-Астана» ЖШС-ін банкрот деп тану туралы азаматтық ісі қозғалып, Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 50-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасы негізінде, үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн деп көрсетілуіне байланысты қабылдаудан бас тартылған.

АІЖК-нің 154-бабының талаптарына сәйкес, судья талап-арызды, егер: іс осы соттың соттауына жатпаса; арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса; осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса; егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса; бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.

АІЖК-нің 150-бабының 5-бөлігіне сәйкес, арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.

25.08.2015 жылғы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы №2 аудандық соты судьясының ұйғарымымен «Луч» ПКСК-нің Д.З.Кенжинге қарыз сомасын өндіру туралы талап-арызы талапкерге 21.08.2015 жылы сотқа дәл сондай талап-арыз келіп түсуіне байланысты қайтарылған.

АІЖК-нің 154-бабының 1-бөлігінің 5-тармақшасына сәйкес, осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса, судья арызды қайтарып жібереді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.