Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 192 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің (бұдан эрі - Келісім) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминге Келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 24 қазандағы№ 192 ЖарлығыменМАҚҰЛДАНҒАН
 Жоба

 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралыКЕЛІСІМ

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXV бөлімінің ережелерін негізге ала отырып,

      бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыруға ұмтыла отырып,

      ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі көбінесе асыл тұқымды жануарларды пайдалануға байланысты екенін ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру мақсатында әзірленген және мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді реттейді.

      Мүше мемлекеттердің аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу осы Келісімнің ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "асыл тұқымды өнім" - асыл тұқымды жануар, оның ұрығы, эмбриондар, құртшабақтар, бал ара пакеттері;

      "асыл тұқымдық құндылық" - асыл тұқымды жануардың, асыл тұқымды табынның селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;

      "асыл тұқымды жануар" - көбейту үшін пайдаланылатын, мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізілімінде тіркелген және оны өткізген жағдайда асыл тұқымдық куәлігі (сертификаты, паспорты) бар ауыл шаруашылығы жануары;

      "селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс" - ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені;

      "ауыл шаруашылығы жануарлары" - мал шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы өнімін алу мақсатында өсірілетін жануарлар.

3-бап

      Мүше мемлекеттерде асыл тұқымды өнім өндіру саласында бірыңғай талаптарды қолдану мақсатында мүше мемлекеттер селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізгенде осы Келісімге сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының шығарылған жаңа типтерін, желілерін (тұқымдарын) және кростарын байқаудан өткізуді, асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуді, туыстас тұқымдарды пайдалану кезінде алынған асыл тұқымды жануарлардың тұқымдарын анықтауды, сондай-ақ асыл тұқымдық құндылықты бағалауды біріздендіруді жүзеге асырады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының шығарылған жаңа типтерін, желілерін (тұқымдарын) және кростарын байқаудан өткізу тәртібін, асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу тәртібін, туыстас тұқымдарды пайдалану кезінде алынған асыл тұқымды жануарлардың тұқымдарын анықтау тәртібін, сондай-ақ асыл тұқымдық құндылықты бағалау әдістемелерін Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.

4-бап

      Мүше мемлекеттерде инновациялық технологияларды, оның ішінде геномдық селекцияны әзірлеу мен енгізу мақсатында мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету Еуразиялық үкіметаралық кеңес белгілейтін тәртіппен Еуразиялық үкіметаралық кеңес айқындайтын мүше мемлекеттердің жұмыс істеп тұрған мекемелері базасында жүзеге асырылады.

5-бап

      Мүше мемлекеттер асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен алмасуды, оның ішінде электрондық түрде алмасуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Алмасуға жататын мәліметтер құрамын және осындай алмасу тәртібін Комиссия бекітеді.

6-бап

      Осы Келісімнің 3-бабында көзделген тәртіптер мен әдістемелерді бекіту туралы Комиссия актілері күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тиісті тәртіптер мен әдістемелер қолданылады.

7-бап

      Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіреді.

8-бап

      Осы Келісімді қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

9-бап

      Мүше мемлекеттерінің өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап

      Осы Келісім мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      201 __ жылғы ______________ "_____" _____________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір мүше мемлекетке жолдайды.

 

Жүктеу

Армения Республикасы үшінБеларусь Республикасы үшінҚазақстан Республикасы үшінҚырғыз Республикасы үшінРесей Федерациясы үшін

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –бір жүз елу айлық есепті...

Толық оқу »

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау 1. Егер бұл әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолда...

Толық оқу »

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қыл...

Толық оқу »

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлше...

Толық оқу »

Үй жануарлары келтірген зиян

Үй жануарлары келтірген зиянҮй жануарларының келтірген зияны жалпы ережелер бойынша өтелуге тиіс – ҚР АК 917-бабы, бірақ белгілі бір мән-жайларда заңды тұлғалар мен азаматтард...

Толық оқу »

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, тасымалдау, оның ішінд...

Толық оқу »

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Қылмысты...

Толық оқу »

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы  1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар...

Толық оқу »

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды өсіру кезінде жануарларды ұстауға...

Толық оқу »

26-бап. Жануарларға арналған панажайлар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

26-бап. Жануарларға арналған панажайларЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға арналған панажайлар өз қызметін осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.     ...

Толық оқу »

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталарЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының...

Толық оқу »

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Жабайы жануарларға қатыгездікпен қарауды болғызбау мақсатында оларға қар...

Толық оқу »

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:...

Толық оқу »

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғауЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым салынады.      2. Жануарларға қа...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификаци...

Толық оқу »

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қылмыстық жазаланаты...

Толық оқу »

11-бап. Үй жануарларын есепке алу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

11-бап. Үй жануарларын есепке алуЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға менш...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

   3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 1. Осы Заңның мақсаттары – жануарлардың қорғалуы мен қауіпсі...

Толық оқу »

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    ...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) аулау қызметі – жан...

Толық оқу »

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Облыстардың, республикалық...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Қазақста...

Толық оқу »

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін бұзу

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін б...

Толық оқу »

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды тасымалдау кезінде олардың азыққа, суға, ауаға, қо...

Толық оқу »

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтарыЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қ...

Толық оқу »

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүз...

Толық оқу »

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салуЖануарларға жауапкершілікпен қарау...

Толық оқу »

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызметЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөнінд...

Толық оқу »

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемеле...

Толық оқу »

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкерші...

Толық оқу »