Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Өзгерістер / Толықтырулар / Нақтылаулар / Түзетулер / Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-18) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-18) жануарларды ұстау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарлар ұсталатын санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады;";

      1-9-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

      7-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

      7-3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;";

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-12), 1-13) және 1-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-12) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

      1-13) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

      1-14) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;".

      2. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-бапта:

      1-тармақтың 4-3) және 4-9) тармақшалары алып тасталсын;

      1-1-тармақтың 23) және 27) тармақшалары алып тасталсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы алып тасталсын.

      3. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "қаңғыбас", "Қаңғыбас" деген сөздер тиісінше "иесіз", "Иесіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе алып тасталсын;

      3) 1-бапта:

      1) тармақшадағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;";

      18) тармақша алып тасталсын;

      26) тармақшадағы "болюстер," деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер;";

      4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

      1. Осы Заңның мақсаттары – жануарлардың қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту, ізгілікті сақтау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жануарларға қарау кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

      2. Осы Заңның міндеттері:

      1) жануарлардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иелерінің жауапкершілігін қалыптастыру;

      2) жануарларды қорғау жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;

      3) халықты жануарларға адамгершілікпен, ізгілікпен және саналы түрде қарауға тәрбиелеу.

      3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) жануарларды ауырсыну мен тән азабын сезіне алатын тіршілік иелері деп тану;

      2) жануарларға қатыгездікпен қарауға, ауырсыну тудыруға, тән азабын шектіруге және олардың негізсіз өлтірілуіне жол бермеу;

      3) адам мен жануарлардың құрметке, қамқорлыққа және қоғам мен табиғат мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген үйлесімді тіршілік етуі.";

      5) 4-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасы "панажайларға" деген сөзден кейін ", жануарларды уақытша ұстау пункттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер жануарды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкін болмаса, жануардың иесі немесе жауапты адам мұндай жануарды ол өз өлімімен өлгенге дейін күтіп-бағуды қамтамасыз етуге не оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне, қажетті жағдай жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге міндетті. Жануарды жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етуге міндетті.

      Егер жануар саулығының жағдайы оның жасына байланысты өзгерістерге, созылмалы ауруларының болуына, жарақат алғаннан кейінгі жағдайына орай ұдайы ауырсынуды сезінуге не ағзалар жүйелерінің бұзылуына немесе тірек-қимыл аппаратының функционалдық тұрғыдан ауыр түрде бұзылуына байланысты жануардың тіршілік ету сапасының нашарлауын білдірсе, жануардың иесі ветеринариялық дәрігердің қорытындысы бойынша эвтаназиялау туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      6) 7-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      10) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      "14) иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      7) 9-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша "әзірлейді" деген сөзден кейін "және тиісті мәслихатқа ұсынады" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша "әзірлейді" деген сөзден кейін "және тиісті мәслихатқа ұсынады" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "панажайларды" деген сөз "панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;";

      1-2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;";

      8) 10-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай жағдайларды:

      1) ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген, мекендеу ортасына қайтаруға мүмкіндік бермейтін жай-күйдегі зардап шеккен және (немесе) жарақат алған жануарларды олар жануарларға арналған панажайларға, зоологиялық питомниктерге, жануарларға арналған оңалту орталықтарына, ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарға берілгенге дейін жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда уақытша ұстау;

      2) ғылыми ұйымдардың, жануарларға арналған панажайлардың, зоологиялық питомниктердің, жануарларға арналған оңалту орталықтарының, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті шешімдері болған кезде, көрсетілген ұйымдар қызметкерлерінің жануарларды емдеуі мен олардың жаңа туған төлдерін, жас төлдерін қолдан тамақтандыруы кезінде жануарларды жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда ұстау;

      3) жануарлар дүниесі объектілерінің генетикалық қорын сақтау үшін қызметінің негізгі мақсаты жануарларды өсіру болып табылатын ұйымдарда, зоологиялық питомниктерде, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда жануарларды ұстау және пайдалану жағдайларын;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды ұстауға және пайдалануға жол берілмейді.";

      4-тармақтағы "қаңғыбас жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де" деген сөздер "иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Иттер мен мысықтарды есепке алу үй жануарларын есепке алатын міндетті бұйым (құрал) ретінде чипті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.";

      10) 13-бапта:

      тақырыптағы "өсіруге" деген сөз "өсіру мен олардың айналымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Үй жануарларын өсіру мен олардың айналымы осы Заңға сәйкес олар есепке алынған кезде ғана жүзеге асырылады.";

      11) 15-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "жою кезінде жол беріледі." деген сөздер "жою кезінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) иесіз жануарлардың (мысықтарды қоспағанда) санын реттеу кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде;

      7) жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен ауру, негізсіз агрессия көрсететін, иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткен соң жайластырмаған және қажет етпеген қараусыз қалған жануарларға (мысықтарды қоспағанда) қатысты жол беріледі.";

      12) 22-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Үй жануарларын серуендетуге қойылатын талаптарды адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келген бұзушылыққа жол берген иесі және (немесе) жауапты адам келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.

      Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын адам денсаулығына ауыр, ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген бұзушылық жағдайында, мұндай жануардың иесі осы Заңда белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті.";

      13) 23-бапта:

      1-тармақта:

      6) тармақшадағы "стерилизациялау арқылы" деген сөздер "осы Заңда белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақша ", сондай-ақ оларды есепке алуды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялауды;";

      14) 25-бапта:

      1-тармақтағы "жануарларды стерилизациялау, жайластыру" деген сөздер "мысықтарға қатысты қолданылатын стерилизациялау, осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялау, жануарларды жайластыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қаңғыбас" деген сөз "Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 26-бапта:

      1-тармақтағы "жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларына сәйкес жүзе" деген сөздер "осы Заңға сәйкес жүзеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      4) тармақшадағы "қаңғыбас жануарларға" деген сөздер "иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "вакциналауды қоса алғанда," деген сөздер алып тасталсын;

      16) 28-баптың 3-тармағы "ұйымдарға" деген сөзден кейін "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын және 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –бір жүз елу айлық есепті...

Толық оқу »

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау

276-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жануарларына қатыгездікпен қарау 1. Егер бұл әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолда...

Толық оқу »

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қыл...

Толық оқу »

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлше...

Толық оқу »

Үй жануарлары келтірген зиян

Үй жануарлары келтірген зиянҮй жануарларының келтірген зияны жалпы ережелер бойынша өтелуге тиіс – ҚР АК 917-бабы, бірақ белгілі бір мән-жайларда заңды тұлғалар мен азаматтард...

Толық оқу »

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, тасымалдау, оның ішінд...

Толық оқу »

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

382-бапқа түсініктеме. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Қылмысты...

Толық оқу »

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы  1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар...

Толық оқу »

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

13-бап. Жануарларды өсіру мен олардың айналымына қойылатын жалпы талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды өсіру кезінде жануарларды ұстауға...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қою ту...

Толық оқу »

26-бап. Жануарларға арналған панажайлар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

26-бап. Жануарларға арналған панажайларЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға арналған панажайлар өз қызметін осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.     ...

Толық оқу »

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталарЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып...

Толық оқу »

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Жабайы жануарларға қатыгездікпен қарауды болғызбау мақсатында оларға қар...

Толық оқу »

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:...

Толық оқу »

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

4-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғауЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым салынады.      2. Жануарларға қа...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификаци...

Толық оқу »

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қылмыстық жазаланаты...

Толық оқу »

11-бап. Үй жануарларын есепке алу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

11-бап. Үй жануарларын есепке алуЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға менш...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

   3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 1. Осы Заңның мақсаттары – жануарлардың қорғалуы мен қауіпсі...

Толық оқу »

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    ...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) аулау қызметі – жан...

Толық оқу »

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Облыстардың, республикалық...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      Қазақста...

Толық оқу »

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін бұзу

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін б...

Толық оқу »

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Жануарларды тасымалдау кезінде олардың азыққа, суға, ауаға, қо...

Толық оқу »

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтарыЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қ...

Толық оқу »

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүз...

Толық оқу »

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

5-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салуЖануарларға жауапкершілікпен қарау...

Толық оқу »

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызметЖануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы      1. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөнінд...

Толық оқу »

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемеле...

Толық оқу »

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіЖануарларға жауапкерші...

Толық оқу »