⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты

 

Қазақстан Республикасы «Көлік құралдары иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 4- бабының 1- тармағына сәйкес көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Көрсетілген Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.

ЖКО салдарынан денсаулығына және өміріне зиян келген жәбірленуші, егер сақтандыру компаниясында тұлғаның азаматтық құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған болса, ол сақтандыру төлемін алуға құқылы. Жәбірленушіге келтірілген зиян мөлшері сәйкес ұйымдармен берілген құжаттарының негізінде анықталады.

Жоғарыда көрсетілген Заңның 25-бабы жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығына зиян келтірілгендігі туралы растайтын төмендегі құжаттар белгілейді,

- жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

- жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

Осы Заңның 24-бабына сәйкес мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс.

Сонымен қатар, ҚР-ның заң актілерімен белгіленген сақтандыру төлемінің мөлшері үшін АЕК қолданылады, денсаулыққа зиян келтіріген күні емес, сақтандыру төлемі төлентін күні саналады. Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының 2015 жылдың 16 маусымдағы шешімімен А.С. Б-ың мүддесінде әрекет ететін кәмелетке толмаған С-к Нұрдана А-ның АҚ «БТА Страхование» К.И. Қ-втен материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

Істің мәні бойынша, 17.01.2015 жылы Көкшетау қ. К.И. Қ-тов Лада 21703 м/н 072 BDA 03 автокөлігімен жол жүру ережелерін бұзған, дәлірек айтқанда, қозғалысқа рұқсат беретін бағдаршам шамына қозғалысты бастап, қозғалысқа тиым салынатын бағдаршам шамына қозғалысты бастап кеткен кәмелетке толмаған Н.А. С-ті қағып кеткен. Н.А. С-ке алғашқы медициналық көмек шараларын көрсетпей, оның тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесіне жеткізбеген.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған байланысты К.И. Қожахметов жолпатрульдік полиция батальонының командир орынбасары Ж.Д. Р-тың 23 қаңтар 2015 жылдың қаулысы бойынша, ҚР ӘҚБҚ 611- бабының 1 -бөлігі бойынша, автокөлік жүргізушісіне қарасты міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаулы заң күшіне енді, К.И. Қ-тов әкімшілік айыппұлды төлеген.

08 қаңтар 2015 жылдың сот-медициналық сараптамасының №18 қорытындысына сәйкес, Н.А. С-те мынадай дене жарақаттары : ми шайқалуы түрінде жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол жақ бетінің сөгісі келтірілген. Аталған зақымдар қатты доғал нысанмен әрекеттесу (сырғу, үйкелісу немесе соққы) нәтежиесінде қалыптасқан, яғни зақымдарды жол көлік оқиғасының барысында алғаны жоққа шығарылмайды және осы ол денсаулығына жеңіл зиян келтірген әрекет деп сараланады.

Науқастың стационар медициналық картасынының көшірмесіне сәйкес, Н.А. С-ік 2015 жылдың 17 қаңтарынан 22 қаңтарына дейін, бас миының шайқалуы, бас сүйек-миының жабық жарақаты диагнозымен стационарлық емделуде болды.

Авто № 372089 17.04.2014 жылдың МАҚЖ сақтандыру полисіне сәйкес К.И. Қ-тың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «БТА Страхование» АҚ-да сақтандырылған, шарттың қолданылу мерзімі 18 сәуір 2014 жылдан 17 сәуір 2014 жылға дейін созылған. Соттың анықталу барысында, сақтандыру төлемі жүргізілмеген.

Осыған байланысты, талапкердің талап арызы сотпен қанағаттандырылып стационарлық емделуде болған бес күн сақтандыру компаниясынан 99 100 теңге өндіріліп алынған, стационарлық емдеуден өту әрбір күні үшін 10 АЕК құрайды.

Талапкердің моральдық зиянды өндіру туралы талаптары ішінара қанағаттандырылып, жауапкер К.И. Қ-тен моральдық зиянды өтеуге 70 000 теңге көлемінде сомасы өндіріліп алынды. Алайда, жол көлік апатының кінәсінің сақтандыру полисі мерзімінен өткен немесе мүлдем жоқ екені белгілі болып жатады. Бұл жағдайда азаматтық кодексінің ережелері қолданылуы тиіс, яғни АК-нің 917-бабының ережесі.

Егер жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға өз еркімен келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге бас тартса, зиянды өтеп алу сот тәртібімен өндіріледі.

2014 жылғы 11 ақпан айындағы Ақтобе қалалық сотының шешімімен В.Р. А-ның М.М. М-вқа материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы ішінара талап арызы қанағаттандырды. Істің мәні бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылғы 13 ақпан айының қаулысы бойынша, М.М. М-ов автөкөлік жүргізу құқығынан 2 жылға айырылған. Оның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылмаған.

Азаматтық Кодекстің 937-бабына сәйкес, жәбірленуші денсаулығы мен өміріне келтірген залалын жоғалтқан табысынан өтеуін құқығы бар. Еңбек шартына сәйкес, жоғалтылған табыстың құрамына барлық еңбекақы төлеу түрлері кіреді.

Анықтау кезінде мүгедектік бойынша жоғалтылған жәрдемақы, жәбірленушіге десаулығына залал келтірілгеніне байланысты тағайындалды. Басқада жәрдемақы түрлері денсаулыққа зиян келтірілмей және келтірілгеннен соң тағайындалды, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін өтеу есебіне қосылмайды. Сондай-ақ, бір жолғы төлемдер назарға алынбайды екенің ескеру қажет, олар демалыс үшін алынбаған жәрдемақы немесе жұмыстан шығу барысындағы төлемдер. Сонымен қатар, уақұытша жұмысқа жарамасыздыққа берілген жәрдемақы саналады.

Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық алқасының 2015 жылдың 11 шілде айындағы қаулысымен 28.01.2014 жылғы Б.Б. А-ың «Дигиком-Казахстан» ЖШС-ке қатысты денсаулығына келтірілген зиянына байланысты Қарағанды қ. №2 Қазыбек би аудандық сотының шешімі өзгертілді.

 Істің мәні бойынша 2012 жылы 25 желтоқсан айында С.Х. А-ов «Дигиком-Казахстан» ЖШС-ке тиесілі Тойота Прадо Р742244 автокөлігін жүргізу барысында, Б.Б. А-тың жүргізуіндегі Фольксваген Пассат М----LCN автокөлігімен соқтығысады, нәтежиесінде талапкер: Жолкөлік апаты. Ми шайқалуы. Сол жақ жамбас сүйегінің жабық шынылы сынық. сол жақ тізе буынының жыртылған жарақаты. Бастың шашты бөлігінде көптеген жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Б.Б. А-к 25 желтоқсан 2012 жылынан 17 мамыр 2013 жылына дейін стационарлық, амбулаториялық емделуде болған. Ота мен МССК-тен соң Б.Б. А-юк екінші топтағы мүгедек болып танылды. Қайта куәләндіруден соң Б.Б. А-юк 3 топтағы мүгедек болып танылады. Оған санаторий-курорттық емделуге мұқтаж деп танылады.

2014 жылдың 24 қыркүйектегі соттың шешімімен С.Х. А-нов жол көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. «Агрофирма Курма» ЖШС пен Б.Б. А-тың жол көлік оқиғасы сәтінде 01.12.12 жылғы 45 000 теңге окладымен + 15 000 теңге әрсайынғы қосымша жалақымен еңбек шарты, 24 қыркүйек 2012 жылғы көлік қызметін көрсету сомасы күніне 5 399 теңге тарифіне сәйкес автокөлік қызметін көрсету шарты жасалған. ЖКО салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты талапкермен жоғалтылған материалдық табыс айына 178 778 теңге сомасын құрайды. 25 желтоқсан 2012 жылдан 17 мамыр 2013 жылға дейін Б.Б. А-сюк еңбеке жарамсыздық күйде болғаны 5 ай еңбек ақысы 893 890 теңге құрайды.

12 айға 17 мамыр 2013 жылдан 17 мамыр 2015 жылына дейін мүгедектін 2 тобына жұмысқа жарамсыздылығы анықталуымен 80 % профессионалдық жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты зиянын өтеу 2 145 336 теңге құрайды. (178 778 х 12)

12 айға 17 мамыр 2013 жылдан 17 мамыр 2015 жылына дейін мүгедектін 3 тобына жұмысқа жарамсыздылығы анықталуымен 59 % профессионалдық жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты зиянын өтеу 1 265 748 теңге құрайды.(2 145 336 теңге х 59%). Санаторий-курорттық емделу ақысы 450 000 теңгені құрайды.

Одан басқа, талапкерге моральдік зақым келтірілген (физикалық және денсаулығына зиян келтірілгенге байланысты адамгершілік қайғы-қасірет), талапкер оны 4 000 000 теңгеге бағалып отыр. «Дигикомм - Казахстан» ЖШС пен жауапкер С.Х. Абулхановтан 5 ай жоғалған жалақысын, 893 890 теңге көлемінде қалпына келтіру үшін сұрады. Мүгедектіктің 2 тобын анықталғандылығына 2 145 336 теңге, мүгедектің 3 тобы анықталғанына 1 265 748 теңге, моральдық зиянын- 4 000 000 теңге Санаторий-курорттық емделу ақысы 450 000 теңге өндіруді сұрады.

Аудандық соттың шешімімен талап арыз жартылай қанағаттандырылды. «Дигикомм - Казахстан» ЖШС-нан Б.Б. афанасюк пайдасына 2 272 405 теңге соммасы материалдық залалдың орнын толтыру, 500 000 теңге моральдық зиянның орнын толтыру, сонымен қатар мемлекет пайдасына 23 650 теңге соммасы өндірілді, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сот шешімін өзгерте отырып, төмендегіні көрсеткен. «Агрофирма Курма» ЖШС 28 қаңтар 2015 түсініктеме қағазына байланысты дайын тағам сарапшысы, ветеринарлық дәрігер А-юк К.Б 01 желтоқсан 2012 жыл көрсеткішінде айлық еңбек ақысы 45000 теңге + 15000 теңге қосымша табыс, барлығы 60000 теңге.

Егер жұмысшы толық айда жұмыс істесе, еңбек уақыты балансы және жұмыс уақытын белгілеу табеліне байланысты ай сайын қосымша ақы төленіп отырады. Жұмысшы демалыс отпускісінде немесе ауыру қағазында болған жағдайда, қосымша ақы жұмыс істеген уақытан байланысты төленеді. Көрсетілген жайға байланысты, қосымша 15000 теңге ылғи төленетін табыс, бір реттік қана төлем болып және әрекеттендіретін сыйақы болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 126-бабына сай қызметкердің еңбегі уақыт бойынша, келісімді немесе өзге де еңбеккке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді.

Апелляциялық сот алқасы талапкердің қосымша ақы жоғарыда көрсетілген бабтың өзге де еңбекке ақы төлеу жүйесіне жатады деген тұжырымымен келіскен. Сондықтан, бірінші сот қосымша еңбек ақы үлесінсіз жасаған санауымен келіспей, 651 788 теңге –уақытша еңбекке қабылетсіздігі уақытында жоғалтқан еңбек ақысы + 1 716 240 теңге 59 пайыз кәсіби еңбек қабылетсіздігін жоғалту 2 топтағы мүгедектігі бойынша + 1 265 727 теңге пайыз кәсіби еңбек қабылетсіздігін жоғалту 3 топтағы мүгедектігі үшін жоғатлтқан еңбек ақысын өндірген.

Бірінші соттың жоғатлтқан жалақыдан 1 111 200 теңге сақтандыру сомасын алып тастау керек деген тұжырымы негізсіз, Қазақстан Республикасының «Көлік құралдарының иеленушілеріне азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 10-бабы 2- бөлігіне қайшы - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

Көрсетілген бабтың мағынасы бойынша , сақтандырушының денсаулығына келтірген зиян бойынша сақтандыру төлемі жоғатлқан еңбек ақы көлеміне, алынбаған табысқа және т.б. жатпайды, басқа сомаларға кірмей төленуге жатады.

Айтылған мән-жайларға байланысты, апелляциялық сот алқасы өндірілген соманы жауапкер «Дигиком-Казахстан» ЖШС талапкердің пайдасына 1 361 350 теңгеге дейін көбейткен, сонымен қатар ҚР АІЖК-нің 110-бабы 3-бөлігіне байланысты мемлекеттік баж салығы мемлекеттің паййдасына 12 688 теңгеге дейін ұлғайтылған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.