Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілмен ұстауға санкцияны өзгерту
2022 жыл 21 қаңтар айында Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бейне-конференция-байланысы мессенджера «Whatsapp» және АВФ арқылы ашық сот отырысында, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 11 қаңтарда күдікті КБД күзетпен ұстауға санкция берген қаулының заңдылығы мен негізділігін адвокаттардың шағымдарымен келіп түскен қаулының заңдылығы мен негіздігін қарап. Анықтады: Қылмыстық қудалау органымен Б.Д.К күдіктеледі, ол 2022 жылдың қаңтар айының 05 жұлдызы күні сағат 01:30 шамасында Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, терорлық әрекеттер орын алуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентімен Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, күдікті Б.К және тергеумен анықталмаған тұлғалар алдын-ала сөз байласып, адамдар тобы болып, қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, Алматы қаласы, Саяхат автовокзалының жанында орналасқан "PANDORA" дүкеніне заңсыз кіріп, дүкен ішінде болған столдың тартпасынан каробка тауып алып, каробканы ашып қараған кезде ішінде 2-дана алтын білезік әрқайсысының құны 50 000 теңге, жалпы 100 000 теңге, 8-дана күміс білезік әрқайсысы 20 000 теңге, жалпы 160 000 теңге, 5-дана мойынға тағатын алтын алқа әрқайсысының құны 120 000 теңгеден жалпы құны 600 000 теңге, 2-дана сағат біреуі қыздар тағатын құны 80 000 теңге, ал екіншісі еркектер тағатын сағат құны 70 000 теңге және 3-дана темір білезік құны әрқайсысы 10 000 теңгеден жалпы 30 000 теңге тұратын құнды заттарын жасырын түрде жымқырып кеткен. Нәтижесінде, күдікті Б.К және тергеумен анықталмаған тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетімен барлығы 1 040 000 теңгеге материалдық шығын келтірген. Аталған оқиға бойынша СДТТБТ-не №227500031000.... санымен тіркелді. 9 қантар 2022 жылы жоғарыда көрсетілген қылмысты жасады деген күдікпен Б.К ҚПК-нің 131-бабына сәйкес ұсталып, Алматы қаласы УҰИ-на қамауға алынған. 10 қантар 2022 жылы Б.К іс-әрекеті ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сараланған. Сол күні Алматы қаласының ПД-нің тергеушісі А.Қ.Досановтың күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші, Алматы қаласының прокурорының орынбасары Н.Ауғанбаевпен келісіліп, материал сотқа 11 қантар 2022 жылы түскен. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен 11 қаңтар 2022 жылы күдікті Б.Д.К қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкция берілген. Қорғаушы-адвокат жеке шағымда күдіктіге қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қатаң деп санап, қылмыстық қудалау органы күдікті Б.Д.К бостандықта жүріп тергеуден не болмаса соттан бой тасалауы мүмкін деген деректер ұсынылмағанын, Алматы қаласы бойынша тұрғылықты жері барын ескеріп кепілдің мөлшерін айқындап немесе кепіл бұлтартпау шарасын қолдануды сұранған. Сот мәжілісінде қорғаушы-адвокаттар Г.Саржанов жеке шағымдарын қолдаған сөздерін, прокурор А.Адырбеков тергеу сотының шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұранған пікірін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, алқа судьясы тергеу сотының қаулы өзгеріссіз қалдыруға жатады төмендегі мән-жайларға байланысты деп санайды. Тергеу соты істің мән-жайын анықтай отырып, күдікті Б.Д.К қатысты күзетпен ұстауға санкция беру дұрыс шешім деп табады. Тергеу соты күдікті Б.Д.К қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынады, не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді деп пайымдап, күдіктінің жасаған қылмысының ауырлығын негізге алған. Алайда, тергеу соты күдікті Б.Д.К күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатты шешу кезінде Қылмыстық-процестік заң нормасы толық көлемде қолданылмаған.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілмен ұстауға санкцияны өзгерту
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 148-бабының 8-бөлігіне сәйкес тергеу судьясы, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарған кезде осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің, айыпталушының осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшерін айқындауға міндетті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тарапынан күдікті Б.Д.К қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынады, не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді деп пайымдауға нақты жеткілікті негіздер ұсынылмаған. Іс құжаттарында анықталғандай, күдікті Б.Д.К жеке басы анықталған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты мекен-жайы бар, сотты болмаған, жәбірленушіге келтірілген материалдық залал орны толтырылған, күдікті тергеуден немесе соттан жасырыну, жалтару ниеті бар туралы мәлімет жоқ. ҚПК-нің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер осы Кодекстің 136-бабында санамаланған негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды. Сондықтан сот алқасы, ҚПК-нің 148-бабының 8-бөлігінің негізінде, күдікті Б.Д.К қатысты кепіл ретінде 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кепілдік түрі белгілену қажет деген тұжырымға келеді. Мұндай жағдайларда сот алқасы күдікті Б.Д.К жөніндегі тергеу сотының қаулысының қарар бөлігі толықтыруға жатады деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 107 бабының жетінші бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алып, алқа судьясы Қ а у л ы е т т і : Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 11 қаңтарда күдікті БДК күзетпен ұстауға санкция беру туралы қаулы өзгеріссіз қалдырылады. Қаулының қарар бөлігі толықтырады күдікті Б.Д.К кепіл мөлшерін айқындап 1000 (бір мың) еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе осы сомаға баламалы өзге мүлік кепілдік түрі ретінде белгілейді. Күдікті Б.Д.К кепіл іс жүзінде енгізілгеннен кейін күзетілуден босатылсын. Күдікті күзетілуден босатылғаннан кейін, тергеуші оған кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асыру міндеттелсін деген үкім шығарды.
#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғау Компания Фирма #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан
Скачать документ
-
Кепіл туралы арыз
889 скачиваний -
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілмен ұстауға санкцияны өзгерту
927 скачиваний -
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
900 скачиваний -
Өтінішхат қалалық сотқа
861 скачиваний -
Ходотайство об ознакомленеий СУ
871 скачиваний -
Ходотайство об ознакомлении с делом в следсьвенном суде
855 скачиваний -
Ходотайство следователю об приобщиений материалов
862 скачиваний -
Шағым Алматы қаласы мамандардырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына
861 скачиваний