Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы
Қазақстан Республикасы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңның 12- бабына сәйкес Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң:
1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;
2) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының 4 қыркүйек 2014 ж. ұйғарымымен «Темірбанк» АҚ-ның жоғалған ипотека куәлігін жарамсыз деп тану және ипотека куәлігі бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініші бойынша азаматтық іс талапкердің өтінішінің негізінде қараусыз қалынған.
Павлодар қалалық сотының 18 шілде 2014 ж. және 19 қараша 2014 жылғы шешімдерімен «Дочерняя организация акционерного общества «БТА Банк» «БТА Ипотека» АҚ-ның П.И.Виноградовқа және Г.У.Касимбековаға АІЖК-нің 39-бабының көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру - негізінде жоғалған ипотека куәлігін жарамсыз деп тану және олар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы талабы қанағаттандырылды.
Осыған ұқсас «БТА Ипотека» АҚ-ның жоғалған құжатты (ипотека куәлігін) жарамсыз деп тану туралы және «Темірбанк» АҚ-ның ипотека куәлігін жарамсыз деп тану және ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптарды қанағаттандыру туралы шешімдерді 26 қараша 2014ж. Өскемен қалалық соты және 24 желтоқсан 2014ж.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты шығарған. Қаралған барлық төрт азаматтық іс соттар атаған мән-жай бойынша бірдей болып табылады және жылжымайтын мүлікті (қарызгерлер пәтерлері) ипотекаға қарыз беру шарттарын жасаумен, ипотека куәлігінің үзінді-көшірмесі бар шарттар жасаумен, ол куәліктерді кепіл алушылар жұмысшыларының жоғалтуымен байланысты бірдей жағдайларға негізделген.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 324-бабына сәйкес, Бағалы қағаздарды көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік бағалы қағазды (бұдан әрі - құжат) жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда соттан жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады.
Тиісінше сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлем төлеу белгілері жоғалтылған жағдайда да құжат жөніндегі құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.
Аталған істер бойынша шешімдер бірдей дәлелдерді – қарыз шарттары, ипотекалар, борыштылардың (кепіл берушілердің) түсіндірмелерін және тб. зерттеумен АІЖК-нің 324-бабында негізделген.
Берілген талаптарды шешу кезінде қандай да бір қиындықтар немесе таласты мәселелер туындаған жоқ, тіркегіш мәліметтеріне қарағанда соттардың шешімдеріне шағым түсірілген жоқ.
Бірыңғай сыныптамада аталған санаттағы басқа азаматтық істер анықталмағандықтан, жалпылау жалпы теориялық мәселелермен толықтырылды. Жоғарыда көрсетілген нормативтік актілерден басқа, бағалы қағаздармен таластар бойынша кейбір мәселелер Қазақстан Республикасы 23 желтоқсан 1995 ж. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңымен (ары қарай Заң) реттеледі.
Берілген заңда ерекше назарды 3 тарау - Ипотека куәлігіне аударған жөн. Көрсетілген тарауда (12-б.) ипотека куәлігі түсінігі келтірілген, ол оның заңды иесiнiң:
1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;
2) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін. Ипотекалық тұрғын үй қарызы немесе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық жасауға жол берiлмейдi Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) құжаттың атауына енгiзiлген "Ипотека куәлiгi" сөздерi;
2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
5) ипотека шарты жасалған күн мен орны;
6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету;
7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету;
8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;
9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы;
10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету;
11) кепiл берушiнiң қойған қолы;
12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi;
13) ипотекалық куәлікке қосымша. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.
Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу 13- 1 бабымен реттеледі.
Осы Заңда немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi.
Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады.
Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды. Ипотека куәлігін тіркеу шарттары мен тәртібі Заңның 15-бабымен реттеледі.
Ипотека куәлiгiн беру, ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру онда басқа тұлғаның пайдасына берiлгенi туралы жазба жасау және ипотека куәлiгiн осы тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады.
Берiлу жазбасында ипотека куәлiгi жөнiнде құқықтар берiлетiн тұлғаның аты-жөнi (атауы) дәлме-дәл және толық көрсетiлуi тиiс. Ипотека куәлiгiндегi бланкiлiк берiлу жазбасы жарамсыз болып саналады. Берiлу жазбасына ипотека куәлiгiнде көрсетiлген кепiл ұстаушы, ал егер бұл жазба бастапқы болып табылмаса - алдыңғы жазбада көрсетiлген ипотека куәлiгiнiң иесi қол қоюға тиiс.
Ипотека куәлiгi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берiлуi онымен бiрге негiзгi мiндеттемелер бойынша құқықтардың да осы тұлғаға берiлгенiн бiлдiредi.
Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiне негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушының құқықтары мен кредитордың құқықтарын қоса, оның мазмұнынан туындайтын барлық құқықтар тиесiлi. Егер осы ипотека куәлiгiне құқықтары ондағы берiлу жазбаларының үздiксiз қатарына негiзделсе, ипотека куәлiгiнiң иесi заңды болып саналады.
Егер ипотека куәлiгiнің берiлу жазбаларын жасаған тұлғалардың қайсыбiрiнiң иелiгiнен қолды болуы немесе осы тұлғаның еркiнен тыс басқа бiр ретпен шығып қалғаны дәлелденiп, бұл туралы ипотека куәлiгiнiң иесi оны сатып алған кезде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның иесi заңсыз болып саналады. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды сот iс жүргiзу заңдарында, нақты АІЖК-нің 39-тарауымен белгiленген тәртiппен қалпына келтiредi.
Егер жоғалтып алған ипотека куәлiгiнде жасалған барлық берiлу жазбалары түгел анықталса, кепiл ұстаушы үшiншi тұлғаға берген ипотека куәлiгi бойынша құқықтар қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Сот шешiмiнiң негiзiнде кепiл берушi оған "көшiрме" деген белгi соғып, ипотека куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi. Заңның 18-бабына сәйкес ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуде ипотека куәлiгiн кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, нақты 325- бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ипотека куәлiгiн кепiлге берумен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы негiзгi мiндеттеме бойынша құқықтардың осы Заңның 16-бабында көзделген тәртiппен, шарттармен және салдарлармен өзiне берiлуiн талап етуге хақылы.
Бұл құқықтарды беруден бас тартылған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мұндай құқықтардың өзiне ауыстырылуын сот тәртiбiмен талап ете алады.
Ипотека куәлiгi бойынша құқықтар өзiне берiлген немесе сотпен ауыстырылған ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы ипотека куәлiгi мен негiзгi мiндеттеменiң шарттарына сәйкес ипотеканың мәнiнен айыпақы өндірiп алуға хақылы.
Заңның 19-бабына сәйкес ипотека куәлiгiнiң күшi:
1) одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылған ретте;
2) ол кепiл берушiге ерiктi берiлген ретте;
3) егер одан туындайтын талаптар негiзгi мiндеттеме бойынша борышқорларға негiзгi мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғаннан кейiн бiр ай өткенге дейiн қойылмаса;
4) ипотеканың мәнi жоғалған жағдайда тоқтатылады.
Нормативтік құқықтық база.
Бағалы қағаздардың жалпы түсінігі Азаматтық кодекстің 129 бабының 1 тармағына сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
Бағалы қағаздарға құқықтарды туындауына, өзгеруіне, жоғалуына заңнамамен бекітілген басқа талаптар, олардың айналымы және т.б. АКның 3-тарауының (Азаматтық құқықтар обьектілері) 2-параграфында келтірілген.
Акциялар да бағалы қағаздар болып табылғандықтан олардың айналымы бойынша таластар АК-ның 2-тарауы (Азаматтық құқық субъектілері) 2-параграфы (Акционерлік қоғам) III бөлігіне сәйкес шешілуі тиіс. Неғұрлым дәл және егжей-тегжей талаптар Қазақстан Республикасының 13 мамыр 2003ж. № 145 «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында келтірілген.
Берілген Заңның 4-тарауы қоғамның акциялары мен басқа бағалы қағаздары туралы жалпы ережелерді анықтайды. Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы біркелкі қолдану Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану туралы» Нормативтік қаулысының тақырыбы болып табылады.
Акцияларды сатып алу, ақшаға айналдыру, олар бойынша дивиденділер алу мәселелері берілген қаулының 6, 8 – 11-тармақтарымен шешілген. Берілген мәселе бойынша негізгі нормативтік акт – Қазақстан Республикасы 2 шілде 2003 ж. № 461 «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң, ол эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Көрсетілген нормативтік актілерден басқа, бағалы қағаздар айналымы мәселесі бойынша уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Халық Банкі Басқармасының бағалы қағаздармен, олардың қозғалысымен, тіркеумен, олармен жұмыс істеу үшін кадрлар дайындаумен және көрсетілген салада екінші деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастырумен байланысты түрлі мәселелерді реттейтін едәуір актілер саны бар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Восстановление прав по утраченным ценным бумагам на предъявителя и ордерным ценным бумагам
38 рет жүктеп алынды -
2526_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
38 рет жүктеп алынды -
2526_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
39 рет жүктеп алынды