Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты банк жүйесін құру мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру, депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.

      2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасында тұрақты банк секторын құру мен ұстап тұру және Қазақстан Республикасы банк секторының инфрақұрылымын қалыптастыру;

      2) Қазақстан Республикасының банк секторын реттеу, банк қызметін бақылау және қадағалау;

      3) депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

      3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың қызметін реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;

      2) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылар қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;

      3) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы