Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      

      1. Осы Заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және халықаралық негіздерін, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік реттеуді іске асыру тетіктерін айқындау.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері:

      1) теңізде жүзу қауіпсіздігін және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету;

      2) жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ кемелерді сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарында пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;

      3) теңіз порттарына, теңіз терминалдарына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық қатынастарды реттеу;

      4) теңіз порттарында және теңіз көлігінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;

      5) Каспий теңізінде жүзетін шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;

      6) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:

      1) кеме қатынасы қауіпсіздігінің, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты қорғаудың және экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы;

      2) ішкі су көлігінде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;

      3) көрсетілетін қызметтерді тұтынушының тасымалдаушыны таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге баға еркіндігін қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. 

       Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы