Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру принциптері Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

1-1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру принциптері Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру принциптері Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы  

   1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты мемлекеттік қорғау шараларын іске асыру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мемлекет өз азаматтарының қылмыстық процеске қатысуына байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау;

      2) қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік органдары жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету;

      3) қорғалатын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шараларын айқындау.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) заңдылық;

      2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;

      3) қорғалатын адамның жеке басының құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

      4) қорғалатын адамдар мен мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдардың өзара жауапкершілігі.

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72 Заңы. 

       Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттiк қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы