1-2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың, өзгертудің, олардың қолданысын тоқтатудың және тоқтата тұрудың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, сол халықаралық шарттың ережелеріне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес, сондай-ақ мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) заңдылық;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеру;
3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдылісу;
5) қабылданған міндеттемелерді міндетті түрде және адал орындау.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы