Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-бап. Негізгі ұғымдар Психологиялық қызмет туралы Заңы

1-бап. Негізгі ұғымдар Психологиялық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Негізгі ұғымдар Психологиялық қызмет туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) кәсіптік құпия – психолог психологиялық қызмет процесінде алған, психологиялық көмек алушының жазбаша келісімінсіз жария етуге болмайтын ақпарат;

      2) психолог – психология саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі, тиісті біліктілігі бар және психологиялық қызметті атқаратын адам;

      3) психологиялық көмек алушы – психологиялық көмек көрсетілетін жеке тұлға, отбасы немесе адамдар тобы;

      4) психологиялық көмектің сапасы – психологиялық көмектің уақтылы көрсетілуін, психологиялық көмек көрсету әдістерін дұрыс таңдауды, жоспарланған нәтижеге қол жеткізу дәрежесін көрсететін сипаттамалар жиынтығы;

      5) психологиялық қызмет – психологтың профилактика, диагностика, коррекция, консультация, психологиялық саламаттылықты сүйемелдеу мен қолдау түріндегі психологиялық көмекті қамтитын кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде туындайтын құқықтық қатынастар жиынтығы;

      6) психологиялық саламаттылық – жеке тұлғаның психоэмоциялық жай-күйінің тұрақтылығы, өмірдегі қиын жағдайларды еңсеру қабілеті қамтамасыз етілген жай-күйі;

      7) Психологтардың әдеп кодексі – психологтардың психологиялық қызметті атқару кезіндегі мінез-құлқы әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы;

      8) психолог супервизиясы – психологты кәсіби қолдаудың психологиялық қызметтің сапасын қамтамасыз етуге, құзыреттерді дамытуға бағытталған нысаны.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 332-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау