Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде осы субъектінің жеке басын анықтауға болады; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ 

2) дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;

      2-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет; 

      2-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік емес бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік емес сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет; 

2-3) дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу – цифрлық объектісінің дербес деректерді өңдеуі, бұл меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның өңдеу процесіне қатысуын болғызбайды;

2-4) дербес деректерді алып тастау – цифрлық объектіден дербес деректерді алып тастауға бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды; 

      2-5) дербес деректерді анонимдеу – дербес деректерді сәйкестендіргіштерді қалпына келмейтіндей түрлендіруге бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректердің қай дербес деректер субъектісіне тиесілігін айқындау мүмкін болмайды;"

      3) дербес деректердi бұғаттау – дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді, жоюды және алып тастауды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер; 

3-1) дербес деректерді бүркемелеу – нақты дербес деректердің бір бөлігін жалған және (немесе) иесі көрсетілмеген деректермен ауыстыру арқылы ақпаратты қорғау процесі; 

      3-2) дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату – жасалуы нәтижесінде адамдардың шектелмеген тобына дербес деректерге қолжетімділік берілетін әрекеттер;

      4) дербес деректерді жинақтау – дербес деректерді қамтитын базаға және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіге дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер; 

      5) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер; 

5-1) дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар тізілімі – дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тізбесі;

      6) дербес деректердi жою – жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер; 

      7) дербес деректердi иесiздендiру – жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң дербес деректер субъектiсіне тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-әрекеттер; 

      8) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі – база) – ретке келтірілген қағаз жеткізгіштегі дербес деректердің жиынтығы; 

     9) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – қағаз жеткізгіштегі базаны және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіні Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға; 

      10) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

10-1) дербес деректерді қамтитын цифрлық объект – ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығын қамтитын цифрлық объект;

      11) дербес деректерді қорғау – осы Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені; 

      11-1) дербес деректерді қорғау саласында уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      11-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      12) дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, нонимдеуге, бұғаттауға, жоюға және алып тастауға бағытталған iс-әрекеттер; 

      13) дербес деректердi пайдалану – меншік иесінің, оператордың және үшінші тұлғаның қызмет мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректермен жасалатын iс-әрекеттер; 

      14) дербес деректерді сақтау – дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер; 

14-1) дербес деректерді сәйкестендіргіш – дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге немесе ол туралы жекелеген деректер жинағын осы субъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жиынтығына байланыстыруға мүмкіндік беретін ақпарат;

      15) дербес деректердi тарату – жасалуы нәтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде масс-медиа арқылы берілетін немесе белгілі бір адамға немесе белгілі бір адамдар тобына алдын ала белгіленген тәсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер; 

15-1) дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімі – қауіпсіздігі бұзылған дербес деректер тізбесі;

15-2) дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы – берілетін, сақталатын немесе өзге де түрде өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына және алып тасталуына, санкцияланбаған таралуына немесе оларға санкцияланбаған қол жеткізуге алып келген дербес деректер қорғалуының бұзылуы;

      16) дербес деректер субъектiсi (бұдан әрі – субъект) – дербес деректер тиесілі жеке тұлға; 

      17) үшiншi тұлға – субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бiрақ дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау бойынша олармен (онымен) мән-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы байланысты болатын тұлға. 

 18) цифрлық деректерді хештеу – кез келген көлемдегі цифрлық деректерді қорғау мақсатында оларды тіркеп-белгіленген ұзындық жолағына түрлендіру процесі.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын және құқықтық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы