⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) ағымдағы шығыстар – азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды сот қабылдаған күннен кейін пайда болған шығыстары, оның ішінде қаржы басқарушысының сыйақысы; 

      2) әдейі банкроттық – соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолданғанға дейін үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы азаматының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару, жасыру немесе жою арқылы жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттері; 

      3) банкрот – өзіне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкер; 

      4) борышкер – төлемге қабілетсіз болуы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдануға негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы; 

      5) борышкердің мүліктік массасы – борышкердің сот арқылы банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі; 

      6) бітімгершілік келісім – сот арқылы банкроттық рәсімінің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу арқылы оны тоқтату мақсатында қолданылатын рәсім; 

      7) кредитор – борышкерге азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де міндеттемелерден, оның ішінде орындалуы борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша туындайтын талаптары бар тұлға; 

      8) кредиторлар талаптарының тізілімі – борышкерге қойылатын кредиторлар талаптарының мөлшері, туындау негіздері және күні көрсетілген тізбесі; 

      9) қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қызметті жүзеге асыратын адам; 

      10) сот арқылы банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын борышкердің мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында борышкерге қатысты сот тәртібімен жүзеге асырылатын рәсім; 

      11) соттан тыс банкроттық рәсімі – екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім. 

      Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады; 

      12) төлемге қабілетсіздік – борышкердің ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды толық көлемде орындауға қабілетсіз болуы; 

      13) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары – іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын құжат; 

      14) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шаралар қолданылады; 

      15) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы