1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қауіпсіздік тосқауылы – радионуклидтердің және (немесе) иондандырушы сәулеленудің қоршаған ортаға таралуына кедергі келтіретін радиоактивті қалдықтардың қаптамасы, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерінің, радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінің, радиоактивті қалдықтар қоймаларының, радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймаларының инженерлік конструкциясы немесе табиғи геологиялық түзілім элементі;
2) радиоактивті қалдықтар – құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, жер қойнауынан алынған және үйінділер мен қалдық қоймаларына жинап қойылатын, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін материалдар мен заттар, бұйымдар мен жабдықтар, сондай-ақ тау жыныстары, кендер мен қалдықтар;
3) радиоактивті қалдықтарды кондиционерлеу – радиоактивті қалдықтарды көму үшін оларды қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келетін физикалық пішін мен күйге келтіру жөніндегі технологиялық операциялар;
4) радиоактивті қалдықтарды көму (бұдан әрі – көму) – радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне қауіпсіз орналастыру;
5) радиоактивті қалдықтарды көму пункті (бұдан әрі – көму пункті) – радиоактивті қалдықтарды кейіннен алу ниетінсіз оларды орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
6) радиоактивті қалдықтарды көму үшін олардың қолайлылық өлшемшарттары (бұдан әрі – қолайлылық өлшемшарттары) – радиоактивті қалдықтарды көму үшін белгіленетін, олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар;
7) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу – кейіннен қауіпсіз жұмыс істеу үшін радиоактивті қалдықтарды дезактивациялау (жойылатын радионуклидтерді бөлу) және (немесе) олардың көлемін барынша азайту және (немесе) сипаттамаларын өзгерту жөніндегі технологиялық операциялар;
8) радиоактивті қалдықтарды сақтау (бұдан әрі – сақтау) – радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін көздейтін, оларды сақтау пунктіне, сақтау қоймасына немесе қалдық қоймасына қауіпсіз орналастыру;
9) радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасы (бұдан әрі – сақтау қоймасы) – жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде аралық сақтауға арналған, радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алуды көздейтін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі (оның ішінде бөлінген алаң);
10) радиоактивті қалдықтарды сақтау пункті (бұдан әрі – сақтау пункті) – радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жобалау құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде оларды уақытша орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
11) радиоактивті қалдықтарды түзушілер – қызметінің нәтижесінде радиоактивті қалдықтар түзілетін жеке немесе заңды тұлғалар;
12) радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймасы (бұдан әрі – қалдық қоймасы) – минералдық шикізатты және тау-кен жұмыстарын (қалдықтар мен үйінділерді) қайта өңдеу кезінде пайда болатын радиоактивті қалдықтармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды кейіннен алу мүмкіндігімен ұзақ уақыт орналастыруға арналған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісі;
13) радиоактивті қалдықтардың ықтимал қауіптілік кезеңі – радиоактивті қалдықтардың үлестік активтілігі радиациялық бақылау талап етілмейтін көрсеткіштерге дейін төмендейтін уақыт кезеңі;
14) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу – радиоактивті қалдықтарды жинауға, қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға және көмуге байланысты қызмет түрлері;
15) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) – радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі өкілеттіктер берілген, сондай-ақ осы Заңға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы физикалық тұрғыдан қорғау (бұдан әрі – физикалық тұрғыдан қорғау) – радиоактивті қалдықтарға және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілеріне қатысты рұқсат етілмеген әрекеттерді болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, инженерлік және техникалық шаралар жиынтығы;
17) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілері – радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге, кондиционерлеуге, тасымалдауға, сақтауға және (немесе) көмуге арналған арнаулы құрылысжайлар (немесе кешендер) және өзге де инженерлік конструкциялар;
18) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін пайдаланудан шығару – сақтау қоймалары мен көму пункттерін қоспағанда, объектіні радиациялық қауіпсіздік бойынша шектеулер белгілеуді талап етпейтін және халық пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге бағытталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлік цикл кезеңі;
19) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің өмірлік циклі – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісін орналастыруды, инженерлік ізденістерді, жобалауды, салуды, пайдалануға беруді, пайдалануды, пайдаланудан шығаруды (жабуды), сондай-ақ ядролық, радиациялық, ядролық физикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын пайдаланудан кейінгі мониторингтеу мен бақылауды қамтитын оның өмір сүру кезеңдерінің дәйектілігі;
20) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
21) тарихи радиоактивті қалдықтар – ядролық мұраға жататын, 1992 жылға дейін түзілген және меншік иесі жоқ радиоактивті қалдықтар.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау