Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 10-1-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

10-1-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган: 

      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 

      2) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады; 

      3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 

      4) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      5) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады; 

      6) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

      7) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді; 

      8) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымы мен өнімін электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

 

      Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы