Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 10-1-бап. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

10-1-бап. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы 

      1. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге академиялық еркiндiкке және шығармашылық еркiндiк құқығына кепiлдiк берiледi.

      2. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің:

      1) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, ғылыми зерттеулерді басқаның араласуынсыз жүзеге асыруға, олардың нәтижелерін еркін талқылап, жариялауға;

      2) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін өз бетінше жоспарлауға және ұйымдастыруға;

      3) ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелердің бағыты мен мазмұнын, әдістері мен құралдарын өз бетінше айқындауға;

      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жол берілетін ғылыми негізделген тәуекелмен жүзеге асыруға;

      5) заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қолжетімділік алуға;

      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға байланысты себептер бойынша өз құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғалуға;

      7) өздері авторы (авторлары) болатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінен кіріс алуға;

      8) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің объективті бағалануына, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де ынталандыру шараларына;

      9) ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлауға қатысуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру процесінде оларға білімі мен тәжірибесін беруге;

      10) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер:

      1) ғылыми әдеп талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға;

      2) мүдделер қақтығысы мен жосықсыз бәсекелестікті болғызбауға;

      3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы