⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

10-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  10-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Денсаулық сақтау ұйымдары: 

      1) адам саудасының сәйкестендірілген құрбандарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       2. Білім беру ұйымдары:  

      1) адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандарына Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынады; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      3. Коммерциялық емес ұйымдар: 

      1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды; 

      2) халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады; 

      4) ішкі істер органдарын адам саудасы құрбандарының жүгіну фактілері туралы хабардар етеді; 

      5) адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды; 

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жүзеге асырады; 

      7) адам саудасы құрбандарына Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынады; 

      8) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ үш айдан асырмай, алты айға дейінгі мерзімге уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына өтінішхатпен жүгінеді; 

      9) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерді өздері азаматы болып табылатын елге қайтаруға жәрдемдеседі; 

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. 

      Адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) – 8) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асырады. 

      4. Мынадай: 

      1) туристік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туризмді заңсыз көші-қон мен үшінші елдерге транзит, сексуалдық, еңбекпен және өзгедей қанау мақсаттарында пайдалануды болғызбауға бағытталған ақпараттық шараларды қабылдайды; 

      2) еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғалар бала еңбегін пайдалануға, адамдарды сексуалдық және (немесе) өзгедей қанау үшін азғырып көндіруге жол бермейді, жүгінген адамдарға халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша консультация береді, бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілер және жұмысқа орналасуға ниет білдірген адамдар туралы мәліметтерді қалыптастырады, жүгінген адамдарды кейіннен жұмысқа орналастырумен кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы