Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы 

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      2. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аумақтық қорғаныс саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ оны жоспарлау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бекітеді;

      3) аумақтық әскерлерді қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етеді;

      4) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      5) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;

      6) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 201-VIII ҚРЗ 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы