10-бап. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2. Өтініш беруші банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
3. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса берілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан кем құрылтайшылар туралы мәліметтер (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тізбе бойынша), оның ішінде құрылтайшы заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ құрылтайшы заңды тұлғаның өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда құрылтайшы заңды тұлға өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Мынадай жағдайларда:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болғанда;
құрылтайшы заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылғанда және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылғанда және қолжетімді болғанда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды.
3) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында, 10-тармағының 1) тармақшасында және 14-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, өтініш беруші банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында айқындалған тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
4) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабына сәйкес банк еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат алған жағдайда еншілес ұйымды құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш және рұқсатты беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
5) жеке тұлға құрылатын банк акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдаланатын қаражат көздерін (шығу тегін) растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жеке тұлға құрылатын банк акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
4. Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банк акцияларын сатып алуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
5. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банк акцияларын сатып алуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
6. Уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
7. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беру тәртібі "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
8. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:
өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;
ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.
Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.
Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.
9. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.
2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы мөлшерлемелерді, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы