Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

 

     1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

   2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясы туралы мәліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті. 

      3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтінішті ұсынбаған банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.

     4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізеді және банкті (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіргені жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Қатысушы банк куәлігі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күні беріледі. 

       5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.  

       6. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi ақпарат енгiзу арқылы қатысушы банктердiң берiлген және күшi жойылған куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi.  - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы