⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Кәсiби ұйымдар  Аудиторлық қызмет туралы Заңы

10-бап. Кәсiби ұйымдар  Аудиторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Кәсiби ұйымдар  Аудиторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды. 

      2. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс істейді. 

      3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады. 

       4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.  

      Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар. 

      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы