10-бап. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы Киберқауіпсіздік туралы Заңы
1. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) цифрлық объектілері меншік иелерінің немесе иегерлерінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:
1) ұйымдардың киберқауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелерінен немесе иегерлерінен келіп түскен киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелеріне немесе иегерлеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілеріндегі осалдық, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) киберқауіпсіздіктің салалық орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
7) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің құрамына кіретін технологиялық процестерді басқару жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді киберқауіпсіздіктің салалық орталығы қызметінің ішкі регламенттерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде үйлестіреді;
8) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар негізінде мемлекеттік реттеудің тиісті саласында (аясында) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша талаптарды әзірлейді.
2. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық құпияны, банк құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі цифрлық объектіні пайдаланады, оны салалық ұйымдардың қосу және пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы