10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Орталықты басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері Орталық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау және жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңестің мынадай өкілеттіктері болады:
1) Орталықтың даму стратегиясын айқындайды;
2) Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;
3) осы Конституциялық заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген шекте осы Конституциялық заңмен өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар түрінде Орталықтың актілерін қабылдайды;
4) Орталық органдарының құрылымын айқындайды;
5) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшылығын тағайындайды;
6) Орталықтың мақсаты үшін өзге де органдарды құру, олардың нысанын, құзыретін және функцияларын айқындау, сондай-ақ оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімдерді қабылдайды;
7) Кеңес туралы ережеде айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
4. Кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы