10-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Автомобиль көлiгi туралы Заңы
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары – мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындау, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) экономиканың және халықтың автомобиль тасымалдарына және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау;
3) халықаралық автомобиль тасымалдары нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдай жасау;
4) автомобиль тасымалдарының ішкі нарығын қорғау;
5) автомобиль көлігінің инфрақұрылымын дамыту;
6) автомобиль көлігі саласында өзін-өзі реттеуді дамыту.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздік, техникалық талаптар мен пайдалану талаптарының сақталуы;
4) көлік қатынастарына барлық қатысушының теңдігі;
5) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы.
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы