10-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы
1. Тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
Тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты транзитті жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалар бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдік тұлғалар бақылау тізіміне сәйкес бір мағыналы сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды уәкілетті орган жүргізетін сәйкестендіру нәтижелері бойынша беріледі.
Арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін уәкілетті орган өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға құқылы.
Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы