Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 101-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

101-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

101-бап. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік мынадай жағдайларда:  

      1) банкті тиімді басқаруды қамтамасыз ету, банк депозиторларының, өзге де кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ банктің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауын болғызбау үшін қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі қолданылған; 

      2) банкке толық бақылау орнату және осындай банкке реттеу құралдарын қолдану мақсатында реттеу режимі қолданылған кезде уәкілетті орган тағайындайтын банкті басқарудың уақытша органы.  

      2. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап және қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі тоқтатылғанға дейін:  

      1) банк акционерлерінің банк акцияларын пайдалану және оларға билік ету бойынша барлық құқығын жүзеге асыру тоқтатыла тұрады; 

      2) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады; 

      3) банктің басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі; 

      4) банк органдарының барлық өкілеттіктері, сондай-ақ банк акционерлерінің құқықтары банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке өтеді;  

      5) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті қоспағанда, банк атынан және соның есебінен оның акционерлері, банк органдары, банктің басшы қызметкерлері немесе өзге де тұлғалар жасаған барлық мәміле жарамсыз деп танылады.  

      3. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері және (немесе) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген ең төмен талаптарға сай келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды. 

      4. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстар банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен жабылады. 

      Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ банктің мүлкі болмаған не банк мүлкінің құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті органның банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімін жариялау жөніндегі шығыстарды қоспағанда, уәкілетті органның банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.  

      5. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызмет тәртібі, сондай-ақ есептілік пен өзге де ақпараттың тізбесі, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің уәкілетті органға оларды беру нысандары, тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы