Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 109-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсаты Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

109-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсаты Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

109-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсаты Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банкті ислам банкіне айналдыру банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады. 

      Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 

      1) банкті ислам банкіне айналдыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі; 

      2) осы Заңның 110-бабының талаптарына сәйкес келетін, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары; 

      3) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін, алдағы үш жылға арналған исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының көшірмесі;  

      4) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары. 

      3. Уәкілетті орган өтінішті осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды. 

      Банк осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту береді. 

      4. Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі қабылданғанға дейін уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатын беру туралы өтінішті еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы. 

      5. Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 

      1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау; 

      2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 110-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі; 

      3) исламдық банк операцияларын дамыту стратегиясының уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі; 

      4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жағдайының нашарлауын болжауы; 

      5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) лимиттерді бұзуы және (немесе) банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде банкте Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы; 

      6) банкті ислам банкіне болжамды айналдыру салдарынан банк депозиторлары мен өзге де кредиторларының заңды мүдделеріне нұқсан келтіру. 

      6. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсатты беруге немесе осы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тарту беруге міндетті. 

      7. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты мынадай жағдайларда кері қайтарып алады: 

      1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы; 

      2) банктің өз қызметін өзге нысандарда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы не банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қабылдануы; 

      3) банктің осы Заңның 111-бабында көзделген талаптарды орындамауы не талаптарды орындау мерзімдерін бұзуы; 

      4) банкке исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту. 

      Банк уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатты қайтару арқылы өзіне банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсаттан ерікті түрде бас тартуға құқылы. 

      Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсат кері қайтарып алынған немесе банк өзіне банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсаттан ерікті түрде бас тартқан кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болған факт анықталған күннен немесе рұқсат қайтарылған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы