Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-1-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

11-1-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-1-бап. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашы ретінде әрекет етеді.

      2. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашының негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қолданылу практикасын мониторингтеу;

      2) Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаманы тиісті ұсынымдармен үш жылда бір рет дайындау және тарату;

      3) өз құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      3. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық баяндамашыға баяндаманы дайындау мен таратуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардан тиісті ақпаратты сұрату құқығы беріледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы