Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-2-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау Сақтандыру қызметі туралы Заңы

11-2-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-2-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру ұйымы жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты жолданымдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастарда жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес қарайды. 

      2. Өтініш берушінің жолданымын қарау мерзімі ол сақтандыру ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

      Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде, жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. 

      3. Жолданымды қарау нәтижесі бойынша сақтандыру ұйымы өтініш берушіге оның жолданымының мәні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті. 

      4. Өтініш берушінің жолданымы: 

      1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген; 

      2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген; 

      3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, сақтандыру ұйымының мүлкіне қауіп, оның жұмыскерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп болған; 

      4) жолданым оқуға келмейтін; 

      5) жолданымды уәкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға жатады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру ұйымы өтініш берушінің жолданымын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып жауап жібереді. 

      5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болатын жеке тұлға және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын өтініш беруші – барлық сақтандыру түрі бойынша және өзге де заңды тұлғалар талаптар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспайтын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі шеңберінде мынадай: 

      сақтандыру ұйымы өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде сақтандыру ұйымынан жауап алмаған; 

      сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы дауларды реттеу кезінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайларда "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. 

      6. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады, олардың тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 

      7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалдарына қолданылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы