11-2-бап. Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы
1. Қор мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам Қордың директорлар кеңесі мен атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін Қордың атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, Қордың директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде Қордың ішкі актісінде айқындалады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы.
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы