Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

11-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi: 

      1) банк атауының осы Заңның 7-бабы 3-тармағының талаптарына сай болмауы; 

      2) банк құрылтайшысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. 

      Мынадай белгілердің кез келгенінің болуы тұрақсыз қаржылық жағдай деп түсініледі: 

      банк құрылтайшысы міндеттемелерінің акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарына орналастырылған және банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өз активтерінен асып кетуі; 

      аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша банк құрылтайшысының залал шегуі; 

      банк құрылтайшысының міндеттемелері мөлшерінің банктің қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп-қатер төндіруі; 

      банк құрылтайшысының банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау банк құрылтайшысының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы; 

      банк құрылтайшысының мүлкі құнының (оның міндеттемелері шегерілген) банк акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы; 

      банк құрылтайшысының тұрақсыз қаржылық жағдайының және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторлары мен өзге кредиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігінің болуы туралы куәландыратын уәжді пайымдау пайдаланылып анықталған өзге де негіздер. 

      Банк микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған жағдайда тұрақсыз қаржылық жағдай банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуші тұлғада ғана болмауға тиіс; 

      3) банк құрылтайшысының жеке тұлғаның не құрылтайшының заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының:  

      жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы; 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруының тоқтатылуына алып келген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқарған жағдайлар.  

      Осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан кейін немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады. 

      Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы ұйымы деп түсініледі; 

      4) осы Заңның 9-бабында белгіленген шектеулерді сақтамау; 

      5) осы Заңның 10-бабында және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленген талаптарды сақтамау; 

      6) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы; 

      7) уәкілетті органның еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы;  

      8) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша ескертулерін осы Заңның 10-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;  

      9) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы. 

      2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту себебін негіздей отырып, банк ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы