11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
2) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;
3) елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерінде орналасқан жасыл екпелерді күтіп-баптауды қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;
5) елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
7) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ.
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы