11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
3. Мыналар:
1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
2) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.
Судья лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы