Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 11-бап. Орталықтың әкімшілігі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

11-бап. Орталықтың әкімшілігі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Орталықтың әкімшілігі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын, Орталық органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі, сондай-ақ олардың жұмыскерлері үшін жағдайды қамтамасыз ететін және өз құзыреті шегінде олардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталықтың актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.

      Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады.

      2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым, оның ішінде осы бюджеттік қаражаттан үнемдеу болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.

      3. Директорлар кеңесі Орталық әкімшілігінің басқару органы болып табылады. Орталық әкімшілігінің ағымдағы қызметіне басшылықты төраға басқаратын басқарма жүзеге асырады.

      Акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің), директорлар кеңесі мен басқарманың өкілеттіктерін, директорлар кеңесі мен басқарманың сандық құрамын, оларды сайлау тәртібін және мүшелерінің өкілеттік мерзімін, сондай-ақ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшерін айқындау тәртібін Кеңес айқындайды.

      4. Орталық әкімшілігінің мынадай өкілеттіктері болады:

      1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті қоспағанда, Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келісу бойынша Кеңеске Орталықтың даму стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) Кеңестің алдында Орталықтың бекітілген даму стратегиясының іске асырылуы туралы есеп береді және Кеңеске Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітуге ұсынады;

      3) Кеңес айқындайтын негіздер бойынша және тәртіппен Орталық қатысушыларына қатысты шаралар қолданады;

      4) Кеңес қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларды Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келіседі, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Кеңеске ұсынады;

      5) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты емес мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;

      6) Орталықтың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін дайындайды және бекітеді;

      7) Кеңеске Орталықтың мақсаттары үшін қажетті қосалқы және өзге де органдарды құру, оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      8) Орталықтың мақсатына қол жеткізу және оның операцияларын ұйымдастыру үшін басқа да халықаралық және өңірлік қаржы орталықтарымен, даму институттарымен және басқа да ұйымдармен байланыстар орнатады және олардың дамуын қамтамасыз етеді, осыған орай, Орталықтың басқа да органдарының өкілеттіктеріне жататындарды қоспағанда, кез келген келісімдерді, шарттарды, келісімшарттарды жасасады;

      9) Орталық қатысушылары немесе органдары жұмыскерлерінің визалар алуына және Орталық қатысушыларына жұмыс күшін тартуға жәрдем көрсетеді;

      10) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы