11-бап. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы Прокуратура туралы Конституциялық заңы
Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2023 № 22-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
1. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы Бас прокуратураның құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыруды және арнайы есепке алуды жүргізуді;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығын, объективтiлiгiн, анықтығын, жеткiлiктiлiгiн қадағалауды, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн айқындауды;
3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын тіркеу және есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіруді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосының, оның аумақтық және оларға теңестірілген органдарының құрылымын Бас Прокурор бекітеді.
3. Осы салада мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың, арнайы есепке алуды жүргізудің және қадағалаудың құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы