11-бап. Қарсы барлау іс-шаралары Қарсы барлау қызметі туралы Заңы
1. Қарсы барлау іс-шараларына:
1) ақпаратты ресми алу;
2) қарсы барлау сауалын қою;
3) жеке тұлғалармен жария және жасырын қатынастар орнату, олардың мүмкіндіктерін қарсы барлау қызметінде пайдалану;
4) жедел ендіру;
5) жедел байқау;
6) жедел эксперимент;
7) нәрселерді, заттарды және деректерді жедел табу, зерттеу, тіркеу;
8) бақыланатын жеткізілім;
9) бақылау мақсатында сатып алу;
10) техникалық барлау құралдарын және ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздеу;
11) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі;
12) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жедел бақылау;
13) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін, берілген және оны қабылдау, беру, жеткізу және (немесе) өңдеу жүзеге асырылған кезден бастап үш ай ішінде телекоммуникация құралдарында сақталатын ақпаратты жедел түсіріп алу;
14) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жедел алу;
15) ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сақтауға арналған құрылғылардан ақпаратты жедел түсіріп алу;
16) адамды немесе орынды жедел аудио- және (немесе) бейнебақылау;
17) жедел кіру жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қарсы барлау іс-шараларын қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) – 11) тармақшаларында көзделген қарсы барлау іс-шараларын жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы баптың 1-тармағының 12) – 17) тармақшаларында көрсетілген қарсы барлау іс-шаралары прокурордың санкциясымен не Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қарсы барлау іс-шараларын жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
5. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын барлық органдар міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.
Осы іс-шараларды жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша қабылданатын бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген, мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді және құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларының тізбесі және оларды жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Осы іс-шаралар заңмен қорғалатын жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, телеграф хабарламалары мен пошта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғынжайға қол сұғылмаушылық құқығын қозғамауға тиіс. Оларда адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндіретін әдістер мен құралдарды қолдануға жол берілмейді.
7. Қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында айқындалатын байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес байланыс операторлары сатып алған және орнатқан телекоммуникация жабдықтарының функциялары пайдаланылуы мүмкін.
8. Мемлекеттік күзет қызметі және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге құқылы.
9. Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шаралары жүргізілетін аймақтағы қарсы барлау іс-шаралары қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізіледі.
10. Нақты қарсы барлау іс-шараларының реттілігі мен мазмұны қарсы барлау қызметінің шарттарында айқындалады.
11. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған мүлікке билік ету және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ.
Осы Заң қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін және оны жүзеге асыру заңдылығының кепілдіктер жүйесін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы