⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

      Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

       1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;  

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді; 

      3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртiбiн айқындайды; 

      5) сақтандыру полистерiнiң мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi; 

      6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртiбi мен талаптарын айқындайды; 

      7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртiбi мен талаптарын айқындайды; 

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды; 

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тiзiлiмiн жүргiзедi; 

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды; 

      10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды; 

      11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртiбiн айқындайды; 

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы