Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

 

      1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт электрондық нысанда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы жасалады және осы Заңның 12-бабында көзделген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі.

      2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тараптары іс жүзіндегі мекенжайының және (немесе) басқа жеке деректерінің өзгеруі туралы күнтізбелік отыз күн ішінде бір-біріне жазбаша хабарлауға тиіс.

 

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

4. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт: 

      1) бөлме бойынша өтеудің тең шамаластығы (алынатын үлестің тұрғын алаңы жылжымайтын мүліктің меншік иесі беретін реновациялау объектісінің тұрғын алаңынан кем болмауға тиіс); 

      2) тең құнмен өтеу талаптарымен жасалады. 

      Өзге талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.  

      5. Реновациялау объектілерінің жылжымайтын мүлкінің меншік иелерімен жасалатын, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында белгіленген мерзімде қол қойылады.  

      6. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша берілетін үлес белгіленген құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық және басқа да міндетті нормаларға сәйкес келуге тиіс. 

      7. Уәкілетті компания реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалдау шығыстарын және (немесе) өзге де шығыстарды уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібіне сәйкес өтеуге міндетті. 

      8. Реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі уәкілетті компаниядан үлес беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесті қабылдауға міндетті. 

      9. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелері алдындағы уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру жөніндегі міндеттемелері уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы