Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақты қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бап. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақты қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақты қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың:

      1) топырақтың жай-күйі және топырақты қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алу үшін мемлекеттік органдар мен уәкілетті мемлекеттік және өзге де ұйымдарға жүгіну;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың топыраққа келтірген зиян мен залалды өтеуін талап ету құқығы бар.

      2. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:

      1) топырақты қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      2) топырақты қорғау саласындағы талаптарды орындауға;

      3) бүлінген жерлерді рекультивациялауға;

      4) топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық және агрохимиялық зерттеп қарау, топырақты бонитеттеу мен мониторингтеу үшін жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады. 

 

 

 

Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 341-VIII ҚРЗ 

Осы Заң топырақты қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және олардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау