112-бап. Банкті Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қайта тіркеу және исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банк уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растаушы құжаттарды қоса бере отырып, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган банктен қосымша іс-шараларды орындауды және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті органға банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімде растаушы құжаттарды қоса бере отырып, қайтадан ұсынуға міндетті.
3. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсынылған күнінен бастап екі ай ішінде мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға күнтізбелік отыз күн ішінде жүгінуге міндетті.
Ислам банкінің жарғысында осы Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.
5. Банк Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
1) мына құжаттарды:
ислам банкі жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ережені;
исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелері лауазымына тағайындалған адамдар туралы, олардың осы Заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді;
исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды;
ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларды қоса бере отырып, исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны (бар болса) қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
6. Уәкiлеттi орган исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны беру және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтiнiшті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарайды.
Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау тәртібі осы Заңның 19-бабында айқындалады.
7. Банкке исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап:
1) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға бұрын берілген лицензияның қолданысы тоқтатылады;
2) банкті ислам банкіне айналдыру аяқталды деп есептеледі.
Банк исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қайта ресімделген лицензияны алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзіне бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы