Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 116-бап. Банктің тарату массасы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

116-бап. Банктің тарату массасы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

116-бап. Банктің тарату массасы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банктің мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда банкті мәжбүрлеп тарату рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге де адамдардың мүлкі банктің тарату массасы болып табылады.  

      Банктің тарату массасын қалыптастыру және түгендеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      2. Банктiң тарату массасына: 

      1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын бөлінген активтер кірмейді; 

      Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге қойылған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді; 

      2) ипотекалық қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары түріндегі ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын кепiл мүлкi көрсетілген облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыларда туындаған немесе оларға мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда кірмейді. 

      Тарату комиссиясы ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етілуі болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді; 

      3) банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, кредиторға бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда берілген қамтамасыз ету ақысы; 

      4) үшiншi тұлғаларға тиесiлi және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшiн сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ кастодиан-банкке есепке алу мен сақтау үшiн сеніп тапсырылған зейнетақы активтері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервтегі активтері, инвестициялық қорлардың активтері, арнаулы қаржы компанияларының бөлінген активтері кірмейді. 

      Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттер, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервтегі активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнаулы қаржы компаниясының бөлінген активтері басқа банкке әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, акционерлік инвестициялық қордың, арнаулы қаржы компаниясының, инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтініші бойынша аударылады. 

      3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар басқа банкке, ислам банкіне беруге тиіс. 

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау тәртібі және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы