119-бап. Банкті өзге де негіздер бойынша тарату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банктi мәжбүрлеп тарату банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешiм болмаған кезде уәкiлетті мемлекеттiк органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуі бойынша сот iс қозғаған жағдайда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.
Осы Заңның 118-бабының 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша қозғалған iс бойынша соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі күшіне енген күннен бастап банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы