Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы 

      1. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар дизайн-код объектілеріне қолданылады, оларға астананың ғимараттары мен құрылысжайлары, инженерлік және көлік коммуникациялары, стационарлық емес объектілері, инфрақұрылым объектілері, астананың тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтарындағы олардың кешендері, аяқталмаған құрылыс объектілері, көше-жол желісі, сондай-ақ сыртқы безендіру, жарықтандыру және иллюминация объектілері, жарнама объектілері, маңдайшалар мен нұсқағыштар да жатады. 

      2. Астана аумағын дамыту мен құрылысын салуды ұйымдастыру, қала құрылысын жоспарлау астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

      3. Дизайн-код объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату, уақытша немесе тұрақты орналастыру, сондай-ақ осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы безендіру астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      4. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптардың сақталуын бағалауды астананың дизайн-кодын қалыптастыру мен әкімшілендіруге жауапты ұйым жүзеге асырады. 

      5. Қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз ететін астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті жай-күйінен көрінетін қолжетімді орта қамтамасыз етілуге тиіс. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы