12-2-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы
1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, сауықтыру функцияларына және рекреациялық функцияларға арналған және соларды орындайтын жерлер танылады.
2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға және жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер орнықтылығының бұзылуына алып келуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы