Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі Ойын бизнесі туралы Заңы

12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі Ойын бизнесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі Ойын бизнесі туралы Заңы 

       1. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін уәкілетті орган бекітілген қағидалар мен біліктілік талаптарына сәйкес айқындаған заңды тұлға қамтамасыз етеді.  

Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін заңды тұлғаны тартуға құқылы. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттері төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін өзі тартатын заңды тұлғаға берілген өкілеттіктер бөлігінде осындай заңды тұлғаға қолданылады.

       2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:  

       1) серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған бірыңғай есепке алу жүйесінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;  

       2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту.  

       3. Мыналар:  

       1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген;  

       2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдардың тізбесіне енгізілген;  

       3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;  

      4) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайды. 

 4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасын сақтай отырып, бәс тігуге қатысушылардың жасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, бәс тігуге қатысушылар туралы ақпаратты есепке алуды жүргізеді және букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға береді. 

      5. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға бәс тігуге қатысушының нұсқауы бойынша мөлшерлемені төлеуге қабылдаған және (немесе) букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға берген электрондық ақша есепке жазылады және бірыңғай есепке алу жүйесінде букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын тиісті ойын бизнесін ұйымдастырушының электрондық ақшасының электрондық әмиянында есепке алынады. 

      6. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға жасалған бәс тігу туралы, оның ішінде бәс тігуге қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, бәс тігу сомасы, уақыты және оның жасалған күні, бәс тігу шарттары, ол бойынша есептелген сомалар, төленуге тиісті ұтыстар, қабылданған мөлшерлемелер, төленген ұтыстар, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың кассалық операцияларды жүзеге асыруы, бәс тігуге қатысушылармен есеп айырысулар нысаны, бәс тігуге қатысушылардан букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және букмекерлік кеңселер және тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан бәс тігуге қатысушыларға ақша қаражатын, оның ішінде электрондық ақшаны аудару туралы ақпаратты автоматты режимде қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді. 

      7. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтауды мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын, Интернет желісіндегі домендік атауларды, сайттар беттерінің нұсқағыштарын және Интернет желісіндегі сайттарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайлардың анықталғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу үшін масс-медиа саласындағы уәкілетті органға жібереді.

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы