12-3-бап. Азаматтық авиация саласындағы уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарынан уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды), егер мұндай босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы дейгейді қамтамасыз ететін қосымша және (немесе) баламалы шаралар енгізіліп өтелетін болса, пайдаланушыларға, азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ авиация персоналына ұсынады.
Уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.
2. Уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды) ұсыну азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін ілеспе тәуекелдерді талдауға негізделуге тиіс.
Ілеспе тәуекелдерді талдау пайдаланушылар, азаматтық авиация ұйымдары және авиация персоналы ұсынатын, белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін көрсетуге тиіс тәуекелдерді бағалау негізінде жүргізіледі.
3. Пайдаланушыларға, азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ авиация персоналына ұсынылған уақытша босатулар (ерекшеліктер, ауытқулар) туралы ақпарат азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген ақпаратта нақты жағдайға байланысты уақытша шектеулер және (немесе) жеңілдететін шаралар туралы деректерді қоса алғанда, уақытша босатуларды (ерекшеліктерді, ауытқуларды) ұсыну талаптары және осындай босатулардың (ерекшеліктердің, ауытқулардың) қолданылу мерзімі қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы